EN | KAZ | RUS
Негізгі фактілер

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

ҚМГ БӨ ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҮШТІГІНЕ КІРЕДІ.


Топтастырылған өндіру бойынша ҚМГ БӨ Қазақстандағы өндірудің 15%-ын, дәлелденген топтастырылған қорлары бойынша 3%-ға жуығын бақылайды. Дәлелденген және ықтимал қорлардың көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлесті есепке алғанда 285 млн. тоннаға жуық (2 083 млн. баррелль) болды.


1. «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ 100% 2. «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ 100% 3. «ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ 50% (2007) 4. «ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС 50% (2007) 5. ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ИНК. 33% (2009) 6. «ОРАЛ ОЙЛ ЭНД ГАЗ» ЖШС
(«ФЕДОРОВСКИЙ» БЛОГІ) 50% (2011)
7. «КАРПОВСКИЙ СЕВЕРНЫЙ» ЖШС
(«КАРПОВСКИЙ СЕВЕРНЫЙ» БЛОГІ)51% (2011)
8. ТОО «ҚМГ БӨ БАРЛАУ АКТИВТЕРІ»
(САПАБАРЛАУ СЕРВИC)100% (2010)


ҚМГ БӨ мақсаты Компанияның акционерлері үшін пайданы арттыру мақсатында көмірсутектерді тиімді әрі оңтайлы өндіруден, қызмет аймақтары үшін ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік пайдалар құрудан, сондай-ақ Компанияның әр қызметкерінің әлеуетін іске асыруға жәрдемдесуден тұрады.

Компанияның акциялары Қазақстанның қор биржасында (KASE), ал жаһандық депозитарлық қолхаттары – Лондонның қор биржасында (LSE) орналастырылған. 2012 жылы бойы талдаушылар ҚМГ БӨ жай және артықшылықты акцияларын сатып алу мейлінше келешекті инвестициялық идеялардың бірі деп атады.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

699

МЛРД. ТЕҢГЕ

Таза ақша қаражаттары

155

МЛРД. ТЕҢГЕ

Операциялық қызметтен ақшалай қаражат ағыны

МЕНШІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЕРКІН АЙНАЛЫМДАҒЫ АКЦИЯЛАР

33,9%


СІС-нің 2009 жылдың қыркүйегіндегі хабарлауына сәйкес акцияның 11%
ШЕТЕЛДІК ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗЖҚ
БАСҚА ИНВЕСТОРЛАР

АҚЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛДЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ1, %



1 Мәлімет 31.12.2012ж. жағдайына сәйкес көрсетілген. Проценттер қазынашылық және артықшылықты акцияларды қосқанда, Компанияның жалпы акцияларының санына сәйкес есепке алынған

2 2009 ж. қыркүйек айындағы СІС мәлімдемесі бойынша, СІС-ке тиесілі 11% қосқанда

«САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» ХОЛДИНГІ

100%

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ

100%

ҚАЗМҰНАЙГАЗ БАРЛАУ ӨНДІРУ
57,9%

ӨНДІРУШІ АКТИВТЕР

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» АҚ 100%
«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ 100%
«ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС» 50% (2007)
«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ 50% (2007)
ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ИНК. 33% (2009)


БАРЛАУ АКТИВТЕРІ

«ҚМГ БӨ БАРЛАУ АКТИВТЕРІ» ЖШС 100% (2010)
WHITE BEAR 35% (2010)
«УРАЛ ОЙЛ ЭНД ГАЗ» ЖШС
(«ФЕДОРОВСКИЙ» БЛОГІ) 50% (2011)
«КАРПОВСКИЙ СЕВЕРНЫЙ» ЖШС
(«КАРПОВСКИЙ СЕВЕРНЫЙ» БЛОГІ) 51% (2011)

МЕТАЛЛ ӨНЕРКӘСІБІ

ҚАЗАҚМЫС 11%


ҚАРЖЫ СЕКТОРЫ

БТА 97%
ХАЛЫҚ БАНКІ 1%
КАЗКОММЕРЦБАНК 21%
АЛЬЯНС БАНКІ 67%


БАСҚА ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП 100%
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ 51%
ҚАЗПОЧТА 100%
KEGOC 100%

ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ

ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ 20%
ҚАШАҒАН 16,81%
ҚАРАШЫҒАНАҚ 10%
ҚАЗМҰНАЙТЕҢІЗ 100%
МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ 50%
ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ 51%
ҚАЗАҚОЙЛ АҚТОБЕ 50%


ТАСЫМАЛДАУ

ҚАЗТРАНСОЙЛ 100%
ҚАЗТРАНСГАЗ 100%
КҚК 20,75%
ҚҚҚ 50%
ҚҚГҚ 50%


ҚАЙТА ӨҢДЕУ, МАРКЕТИНГ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ҚМГ-ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ 100%
АТЫРАУ МӨЗ 99,5%
ПҚОП 50%

ПАВЛОДАР МХЗ 100%
ҚАЗРОСГАЗ 50%
ТЕҢІЗСЕРВИС 49%
ҚМГИ 98%
РОМПЕТРОЛ 100%

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ

Елордасы

Астана

(Алматыдан 1997 жылы көшірілген)

Ұлттық валютасы

Теңге

(2012 жылдағы орташа айналым бағамы: 1 АҚШ долларына 149,11 теңгені құрады)

Халқы

16,9 миллион адам

Ауданы

2,7 миллион км2

2012 жылғы ЖІӨ

30 073 млрд. теңге
(201 млрд. АҚШ доллары)

2012 жылғы ҚР адам басына шаққандағы ЖІӨ

12,1 мың АҚШ долл.

2012 жылғы ЖІӨ нақты өсімі

5%

2012 жылдың құнсыздануы (ТБИ)

6 %

ҚР Ұлттық қорының активтері (2012 жылғы желтоқсан айының көрсеткіші бойынша)

58 млрд. АҚШ долл.

Жалпы халықаралық сақтық қорлар (2012 жылғы желтоқсан айының көрсеткіші бойынша)

28 млрд. АҚШ долл.

Көмірсутектің дәлелденген қоры

4,8 млрд. тонна

2012 жылғы мұнай өндіру

79 млн. тонн

Мұнай экспорты

56,4 млрд. АҚШ $

Газ экспортының мөлшері

8,8 млрд. м3


Қызметтерге шолу

Мұнай өндіру және сату

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Қазгермұнай» БК» (КГМ) ЖШС, «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2012 жылы 12 191 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2011 жылға қарағанда 150 мың тоннаға немесе 1%-ға кем. «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) АҚ 4 950 мың тонна (тәулігіне 100 мың баррель) өндірді, бұл 2011 жылға қарағанда 132 мың тоннаға кем. «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ 2011 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз, 2 816 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді.


ӨМГ ЖӘНЕ ЕМГ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРЫ
ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 100 %


  ӨМГ ЕМГ ҚМГ БӨ
КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ 2 40 42
ӨНДІРУШІ ҰҢҒЫМАЛАР-
ДЫҢ САНЫ
3 698 2 283 5 981
ТОҒЫТУ ҰҢҒЫМАЛАРЫ-
НЫҢ САНЫ
1 212 458 1 670
2P САНАТЫ МҰНАЙЫНЫҢ
ҚОРЛАРЫ, МИЛЛИОН ТОННА
166 60 226
2012 ЖЫЛЫ ӨНДІРІЛГЕН МҰНАЙ,
ТӘУЛІГІНЕ МЫҢ ТОННА
4 950 2 816 7 766

ӨМГ және ЕМГ мұнай сатудың экспорттық көлемдері 2012 жылы 6 078 мың тоннаны (тәулігіне 122 мың баррельді) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 637 мың тоннаны (тәулігіне 33 мың баррель) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, ішкі нарыққа жеткізілімдер үлесінің төмендеуі мұнай өңдеу зауыттары тарапынан сұраныстың болуымен байланысты.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемдеріндегі ҚМГ БӨ үлесі 4 412 мың тонна (90 тәулігіне мың баррель) мұнайды, соның ішінде экспортқа жеткізілген 3 430 мың тонна (70 тәулігіне мың баррель) мұнайды құрады, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 78%-ын құрайды.


2012 ЖЫЛҒЫ БАҒЫТ БОЙЫНША
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН САТУ,

Барлығы 12,1 млн.тонна


Мұнай қорлары



Мұнай қорлары Gaffney, Cline & Associates (GCA) тәуелсіз компаниясының есептемесіне сәйкес, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, ҚМГ БӨ мұнайының жалпы қорлары «Қазгермұнай», CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлестерді санамағанда, «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) санаты бойынша 226 миллион тоннаны (1 661 миллион баррельді) құрады.

«Дәлелденген» (1Р) санаты бойынша қорлар 76 миллион тоннаны (561 миллион баррельді), ал «дәлелденген плюс ықтимал плюс мүмкін» (3Р) санаты бойынша қорлар 267 миллион тоннаны (1 962 миллион баррельді) құрады.

2Р САНАТЫНДАҒЫ МҰНАЙ ҚОРЫ,

285 МЛН. ТОННА

Геологиялық барлау



2012 жылы ҚМГ БӨ Лиман, Тайсойған, Қаратон-Сарықамыс, Өзен-Қарамандыбас, Батыс Новобогат, Жарқамыс Шығыс-1, Темір, Федоровский, Карповский Северный блоктарында геологиялық барлау жұмыстарын, С.Нұржанов, Батыс Прорва, Шығыс Мақат кен орындарын жете барлауды жалғастырды. Бірнеше келешегі бар нысанда, атап айтқанда – Лиман және Тайсойған блоктарында сынақ жүргізудің нәтижелері бойынша мұнай мен газ конденсатының ағымы алынды.

2012 жылы ҚМГ БӨ «Карповский Северный» геологиялық барлау жобасына серіктесті тартты. Аталған жобадағы 49% қатысу үлесі венгерлік MOL мұнай-газ компаниясына сатылды. Осы мәміленің аяқталуы болашақта геологиялық барлау мен инвестициялардың тәуекелдерінің бөлінуін қамтамасыз етті.

Активтердің құрылымын оңтайландыру

2012 жылы ҚМГ БӨ компаниясында еншілес ұйымдарға иелік ету және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Мәселен, өндірістің тиімділігін арттыру және еңбек ұжымдарының ағымдағы әлеуметтік проблемаларын уақытында шешу үшін, «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдары жер қойнауын пайдалану құқығында акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды. Осындай қайта құру өндірісті қажетті жабдықпен жабдықтаудың тиімділігін арттыруға, кәсіпшіліктерді жаңартуға, техниканы жөндеуге және соның нәтижесі ретінде – болашақта өндіру бойынша алға қойылған жоспарларды орындауға септік етуі тиіс.

Курделi салымдар


2013 жылға күрделі салымдар 191 миллиард теңге (1 288 миллион АҚШ доллары) мөлшерінде жоспарланып отыр. Күрделі салымдардың өсуі негізінен жаңарту бағдарламасына инвестицияларға және геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруға байланысты.

Мұнай өндіру көлемдерін арттыру және өзінің өндірістік активтерінің экономикасын жақсарту үшін, ҚМГ БӨ орташа мерзімді перспективаға технологиялық жаңарту бағдарламасын дайындады. Технологиялық жаңарту бағдарламасының шеңберінде қабылданатын шаралар өндіріс тиімділігінің өсуіне, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруға септік етуі тиіс.

Акционерлерге арналған ақпарат

ШЫҒАРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫҢ САНЫ:

ЖАЙ - 70 220 935

АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ - 4 136 107


ҚМГ БӨ АКЦИЯЛАРЫНА БАҒА БЕЛГІЛЕУ

2011 жылы бір акцияға (жай, сондай-ақ артықшылықты) шаққанда дивидендтің мөлшері 1 300 теңгені құрады (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап қалынатын салықтарды қоса алғанда). 2012 жылдағы дивидендтің жалпы сомасы 91 миллиард теңгеге жуық (615 миллион долларға жуық) құрады. 2012 жылдың наурыз айында дивидендтің мөлшері жарияланғаннан кейін, ҚМГ БӨ баға белгіленімдері 20,95 АҚШ долларын құрайтын шырқау көрсеткішке жетті.

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2013 жылдың 21 мамырында, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қорғалжың тас жолы, 2А «Думан» қонақ үй кешенінде 10 сағат 30 минутте өтті.

ҚМГ БӨ акционерлері Компанияның 2012 жылға арналған жылдық топтастырылған қаржылық есебі мен жылдық есебін бекітті.

Бұдан басқа, таза кірісті бөлу тәртібі мен қарапайым және артықшылықты акцияларға есептегендегі дивиденд мөлшері мақұлданды. Акционерлердің шешімі бойынша, 2012 жылға бір акцияға (қарапайым және артықшылықты) есептегендегі дивиденд мөлшері 1 619 теңгені (ҚР заңнамасына сәйкес салынатын салықтарды қоса есептегенде) құрайды. 2012 жылға дивидендтердің жалпы сомасы 110 млрд. теңгеге жуық қаржыны (740 млнға. жуық АҚШ доллары) құрайды.

Акцияға белгіленген дивиденд мөлшері алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 25%-ға артық және 2006 жылдағы ІРО кезінен бері ең ірі болып табылады.

ВЕБ-САЙТ

Компания туралы ақпаратты, соның ішінде оның қызметінің суреттемесін, баспасөз хабарламаларын, жылдық және аралық есептемелерді www.kmgep.kz корпоративтік веб-сайтынан табуға болады.

ҚМГ БӨ АКЦИЯЛАРЫ БАҒАСЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

БІР 1 ЖДҚ ҮШІН US$
БРЕНТ МАРКАЛЫ 1 БАРРЕЛЬ МҰНАЙ ҮШІН US$

Корпоративтік басқару

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Қаржылық есеп Кеңесі (Financial Reporting Council) – Корпоративтік басқару мәселелерін жетілдіру бойынша Ұлыбританияның тәуелсіз қадағалаушысының 2010 жылы мамыр айында Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексінің қабылдануына байланысты, 2012 жылы Компанияның корпоративтік басқару Кодексі жаңа редакцияда қабылданды, мақсат - Ұлыбританияның корпоративтік басқару Кодексіне сәйкестендіру, әрине, кей баптарын айтпағанда.

Директорлар корпоративтік басқарудың маңыздылығын түйсінеді және Компаниядағы корпоративті басқару стандарттарының дамуын қолдайды. Компания Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес қосымша міндеттерді талап ететін корпоративті басқару стандарттарының ережелерін ұстанады және дамытады.

Корпоративтік басқару

Қабылдау / Басып шығару (80 Кб)

Тәуекелдер факторлары

Компания біраз тәуекелмен бетпе-бет келеді, оның ішінде сыртқы орта, нарықтық, операциялық, қаржылық, инвестициялық және корпоративті басқару тәуекелдері.

Компания тәуекелдерді басқару кезінде тәуекелдерді басқару Саясатына жүгінеді. Компанияның тәуекелдерді басқару Саясаты акционерлік құнның өсіміне, корпоративті басқару сапасының артуына бағытталған, ол өз кезегінде тәуекелдерді айқындап, оның қандай екендігін талдаумен, оны барынша аз болуы жолындағы іс-шараларды дайындаумен және тәуекелдерді азайту бойынша жасалынатын шараларды бақылауға негізделеді.

Тәуекелдер факторлары

Қабылдау / Басып шығару (60 Кб)

Әлеуметтік жауапкершілік

Әлеуметтік саясат

 

Әлеуметтік саясат - ҚМГ БӨ қызметінің негізгі құрамдас бөлігі. Құрылған сәтінен бері Компания Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрғын үйлердің, дене тәрбиелік-сауықтыру орталықтарының, балабақшалардың, сауықтыру лагерьлерінің құрылысын салуға, мектептер мен ауруханалардың реконструкциясына миллиардтаған теңге бөлді. ҚМГ БӨ компаниясының әлеуметтік саясат саласындағы стратегиясы бұрынғыдай – өзі қызмет ететін аймақтарды дамыту болып қала береді. 2012 жылы ҚМГ БӨ компаниясының өндірістік филиалдары акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған соң, олар жергілікті әлеуметтік жобаларға өтінімдерді дербес қабылдау, қаржыландыру көлемдерін есептеп шығару және ондай жобалардың іске асырылуын бақылау құқығына ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

Еңбекті қорғау және қоршаган ортаны қорғау

 

Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау ҚМГ БӨ компаниясында басты басқару элементтерінің бірі болып табылады. Өткізілетін іс-шаралар еңбек жағдайларын жақсартуға, апаттардың алдын алуға, олардың салдарын оқшаулауға және жоюға әзірлікті қамтамасыз етуге, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға келтірілген залалдарды кепілді өтеуге, сондай-ақ өндірістік-шаруашылық факторлардың қоршаған ортаның компоненттеріне ықпалын барынша азайтуға бағытталған.

Компания жыл сайын қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай қаражат бөліп отырады. ҚМГ БӨ жыл сайын ведомстволық экологиялық зертхананың күштерімен де, сондай-ақ қажетті жарақталған базасы мен лицензиялық-рұқсаттық құжаттары бар сырт ұйымдарды тарту арқылы, атмосфералық ауаның, жер асты (грунттық) сулардың, топырақтың экологиялық мониторингін, сондай-ақ радиациялық мониторинг жүргізеді. Каспий теңізінің теңіздегі экологиялық жүйесіне ықпалды айқындау мақсатында су басу басталған және су басқан ұңғымалардың мониторингі жүзеге асырылады.

 

Қаржы есебі

Тәуелсіз аудиторлар есебі


«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІ МЕН БАСШЫСЫНА


Біздер ««ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) мен оның еншілес ұйымдарының қоса беріліп отырған біріктірілген қаржы есебіне аудит өткіздік, ол 2012 жылғы 31 желтоқсанға арналған жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы біріктірілген есептен, жиынтық табыс туралы біріктірілген есептен, капиталдағы өзгерістер туралы біріктірілген есептен және көрсетілген күні аяқталған жыл ішінде ақша қаражатының қозғалысы туралы біріктірілген есептен, сондай-ақ есептік саясаттың елеулі аспектілері туралы ақпараттан және басқа да түсіндірме ақпараттан тұрады.


БІРІКТІРІЛГЕН ҚАРЖЫ ЕСЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


Басшылық осы біріктірілген қаржы есебін халықаралық қаржы есебі стандарттарына сәйкес дайындалуы мен нақты берілуіне, сондай-ақ басшылық пікірі бойынша бұрыс әрекет немесе қателік салдарынан елеулі бұзушылықтары жоқ біріктірілген қаржы есебін дайындауды қамтамасыз ету үшін қажетті ішкі бақылау процедураларына жауапты болады.


АУДИТОРЛАР ЖАУАПТЫЛЫҒЫ


Біздің міндетіміз өткізген аудит негізінде осы біріктірілген қаржы есебі туралы өз пікірімізді көрсету. Біз Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудит өткіздік. Бұл стандарттар этикалық нормаларды сақтауымызды, қоса беріліп отырған біріктірілген қаржы есебінің елеулі бұзылуының жоқтығына жеткілікті сенім алу үшін тиісті үлгіде аудитті жоспарлап өткізуімізді талап етеді.

Аудит біріктірілген қаржы есебінде берілген сомалар мен ақпаратқа қатысты аудиторлық дәлелдерді алуға бағытталған процедураларды орындауды қамтиды. Процедураларды таңдау бұрыс әрекет немесе қателіктер салдарынан біріктірілген қаржы есебінің елеулі бүліну тәуекелін бағалауды қоса аудитор пікіріне негізделеді. Осы тәуекелді бағалау кезінде аудитор компанияны ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікірді білдіру үшін емес, нақты жағдайларда қажетті аудит процедураларын анықтау үшін біріктірілген қаржы есебін дайындау және нақты беруге қатысты ішкі бақылау аспектілерін қарастырады. Аудит сондай-ақ пайдаланылған есептік саясаттың орындылығына және басшылық жасаған бухгалтерлік бағалаудың негізділігін, сонымен бірге біріктірілген қаржы есебінің жалпы берілуіне бағалауды қамтиды.

Біз аудиторлық дәлел біздің пікірімізді білдіру үшін жеткілікті және тиісті болып табылады деп санаймыз.


ҚОРЫТЫНДЫ


Біздің пікіріміз бойынша біріктірілген қаржы есебі барлық елеулі аспектілерде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен оның еншілес ұйымдарының 2012 жылғы 31 желтоқсандағы қаржы жағдайын, сондай-ақ халықаралық қаржы есебі стандарттарына сәйкес көрсетілген күні аяқталған жыл ішінде ақша қаражаттарының қозғалысы мен олардың қаржы нәтижелерін шынайы көрсетеді.




ПОЛ КОН

Аудит бойынша серіктес


ЕВГЕНИЙ ЖЕМАЛЕТДИНОВ

Аудитор / «Эрнст энд Янг» ЖШС
Бас директоры

ТОПТАСТЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

Қаржылық жағдайды және қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелерін талдау

Төмендегі құжаттың міндеті Компанияның операциялық және қаржылық қызметтерінің нәтижелеріндегі үрдістер мен елеулі өзгерістерді ұғынуға және бағалауға көмектесу болып табылады. Осы шолу Компанияның топтастырылған қаржылық есебіне негізделген және оны топтастырылған қаржылық есеппен және ілеспе ескертулермен бірге оқыған жөн. Барлық қаржылық деректер мен оларды талқылау ҚЕХС-қа сәйкес дайындалған топтастырылған қаржылық есепке негізделген.

Қаржылық жағдайды және қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелерін талдау

Қабылдау / Басып шығару (135 Кб)

ТОЛЫҚ НҰСҚА