• Біздің Компанияда үлкен ұжым – 16 мың адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің негізгі бөлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамдарында еңбек етеді. Біз компаниямыздың әр қызметкерін бағалаймыз және олардың әрқайсысының кәсіби өсуі үшін мүмкіндігі болуына ұмтыламыз.
  • Компания қызметкерлерді дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Компанияда кадрларды ұдайы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, қызметкерлердің инженерлік құрамын техникалық семинарларда, қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі курстарда оқытуға, басшы құрамның менеджерлік машығын дамытуға маңызды көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, қызметкерлерге сертификаттық және магистрлік бағдарламалар бойынша оқуға, тағлымдамадан өтуге, конференцияларға, формударға, көрмелерге қатысуға мүмкіндік беріледі.
  • 2004 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде Компанияның 30 мыңнан астам қызметкері даярлау және қайта даярлау курстарына, семинарларға, тренингтерге, сертификаттық бағдарламаларға қатысып, өздерінің біліктілігі деңгейін арттырды. Осы мақсаттарға 2 854 млн. теңге жұмсалды.
  • Компанияда ауық-ауық, әр қызметкердің шеберлігі деңгейін айқын анықтауға, оның күш-жігерін өзінің және тұтастай алғанда, Компанияның жұмысының тиімділігін арттыруға қол жеткізетін міндеттер мен қызмет салаларына бағыттауға мүмкіндік беретін аттестациялау жүргізіледі.
  • ҚМГ БӨ-де жұмыс істеу абыройлы да беделді, өйткені біз өзіміздің қызметкерлерімізге бәсекелестікке қабілетті әлеуметтік пакет пен жалақы, оқу, біліктілігін арттыру және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер ұсынамыз. Біз бәріміз Компанияның Қазақстанның мұнайгаз рыногында көшбасшы болуына ұмтыламыз.

Барлау өндіру «ҚазМұнайГаз»  - Қазақстандағы мұнайды барлау және өндіру: Қазақстандағы өзіндік шикі мұнай кен орындарын барлау

Наверх