Вакансиялар

19 қазан, 2017

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бұрғылау және ҰКЖ супервайзингі қызметі бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу супервайзингі қызметінің басшысы лауазымының бос орны туралы хабарлайды.

Лауазымның атауын көрсетіп, түйіндемені resume@kmgep.kzэл. адресіне жіберіңіз.

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптар

                         Талап етілетін біліктілік

Білім (жоғары, мамандық/біліктілік)

Бұрғылау бойынша немесе бұрғылауға байланысты жоғары инженерлік білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі

Бұрғылау және ҰКЖ бойынша халықаралық жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл, бұрғылау және бұрғылау жұмыстар супервайзингі қызметінде кем дегенде 7 жұмыс тәжірибесі

Басшы лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі

- 7 жыл

ҚМГ компанияларының тобында жұмыс істеу тәжірибесі

-

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

Бұрғылау жұмыстары мен ҰҒЖ жүргізу техникасы мен технологиясы, ұңғымаларды басқару технологиясы, ұңғымаларды цементтеу технологиясы, көлденең ұңғымаларды бұрғылау технологиясы мен бүйірлі оқпандарды кесу, өндірістегі басқару экономикасының негіздері, еңбек заңнамасының негіздері, техникалық құжаттардың (жобалардың  бағдарламалардың) әзірленуін талдау, бұрғылау станоктарының және көтергіштердің мақсаты, оларды техникалық пайдалану қағидалары мен жұмыс істеу режимі, бұрғылау жұмыстарын жоспарлау әдістері мен бұрғылаудың озық жүйелері, ҰКЖ кезіндегі қармау жұмыстарының технологиясы, «Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай қағидалары», өндірісте еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың бірыңғай жүйелері, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт және экологиялық қауіпсіздік қағидалары мен талаптары, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» Заң, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң және т.б.

Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар:

Ұңғымаларды цементтеудің есептелуін жүргізу, бағытталған бұрғылау кезінде ұңғыма оқпанының траекториясын есептеу, роторлық-басқарылатын жүйені (РБЖ) басқару, кез келген бейінді ұңғыма жағдайында бұрғылау колоннасының төменгі бөлігінің компоновкасын есептеу, техника мен технологиялардың бенчмаркингін жүргізу, құрылысты және ҰКЖ оңтайландыру бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді қалыптастыру, қажетті жабдықтың талап етілетін техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін есептеу. Бұрғылау және ҰКЖ супервайзингі қызметін басқару.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  1. Қоғамның тиісті қызметтерімен тығыз өзара іс-әрекет жасай отырып, супервайзинг қызметі қызметкерлерінің жұмысын басқару және үйлестіру;
  2. Қызметтің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, әрбір орындаушының белгіленген мерзімдерде жұмыстарды орындауын бақылау және олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  3. Ұңғымаларды салу және күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне виза қою;
  4.  Ұңғымаларды салу және күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың ағымдағы жағдайына талдау жүргізу және олардың сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды беру;
  5. Қоғамда қызметтің орындалған жұмыстары бойынша тұсаукесерлерді жүргізу және қорытынды есептерді қорғау;
  6. Қызмет жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау;
  7. Тапсырысшының атынан ұңғыманың құрылысын жүргізетін бұрғылау бригадасының жұмысын технолгиялық бақылауды жүзеге асыру;
  8. Бұрғылау алаңында Мердігер мен оның қосалқы мердігерлерінің бұрғылау бағдарламасының, Техникалық жобаның, Техникалық жобаға толықтырудың, қолданыстағы технологиялық регламенттердің, нұсқаулықтар мен қағидалардың талаптарын және Тапсырысшының басқа да талаптарын орындауын ұдайы және тәулік бойынша бақылауды басқару;
  9. Бұрғылаудың күнтізбелік уақыты балансын талдау, қашаулардың жұмысын талдау мен басқа да талдамалық жұмыстардың негізінде өнімсіз уақыт мерзімдерін қысқарту және  ұңғымалардың сау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды беру;
  10. 10.  Егер объектідегі жұмыстар фонтанға қарсы қауіпсіздік бұзылып орындалса немесе орындалатын жұмыстардың оқпанның қиындатылуына немесе қоршаған ортаның ластануына әкеп соғу белгілері болса және Техникалық жобаның, жұмыстар жоспарының, бұрғылау және ҰКЖ бағдарламаларының талаптарына сәйкес келмесе, олар уақытша тоқтатылады (журналда уақыты мен күні тіркеледі);
  11. 11.  Күрделі технологиялық операциялар (шегенді колонналарды түсіру және цементтеу, ұңғымалардың сағасын жабдықтау, апаттар мен қиындықтарды жою) өндірісінің жоспарларын әзірлеуге, келісуге және орындауға қатысу;

12. Объектіде тасталым, өрт, жарылыс немесе ұңғыманың бақылануын жоғалту қаупі туындаған жағдайда – осындай қауіпті жою не болмаса оның салдарын жою жұмыстарын басқару;

  1. 13.  Мердігерлердің ұңғымаларды салу жұмыстарының тиімділігін талдау және бағалау және оларға тиісті ескертулерді беру және Қоғамға тиімділікті жақсарту бойынша, сондай-ақ жаңа техниканы, технологияларды енгізу бойынша ұсынымдарды беру;

14. Ұңғымаларды бұрғылау және бекіту, бұрғылау ерітінділерін дайындау және т.б. кезінде анықталған бұзушылықтар туралы Қоғамға және/немесе оның өкілдеріне жазбаша түрде уақытылы хабарлау.

Қосымша ақпарат:

• Ағылшын және орыс тілдерін білу;

• Әріптестермен іскерлік келіссөздерді жүргізу дағдылары;

•Маңызды кеңестерде сөз сөйлеу және тұсаукесерлерді көрсету тәжірибесі.

 

Наверх