Жауаптылық туралы мәлімдеме

Жалпы ақпарат

Осы Интернет-сайт, сондай-ақ онда орналастырылған материалдар мен мәліметер «ҚазмұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның ("Компания") меншігі болып табылады. Осы Интернет-сайттағы кейбір ақпараттарды (акциялардың бағасы туралы мәліметті қоса алғанда) Компанияның атынан сыртқары беруші ұсынуы мүмкін. Компания осы Интернет-сайтта орналастырылған ақпараттардың нақтылығы мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін барлық орынды шараларды қолданды. (Мұндай ақпарат белгілі бір күнмен даталанған жағдайда Компания көрсетілген датадағы жағдай бойынша оның нақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық орынды шараларды қолданды). Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Компания осы Интернет-сайтта орналастырылған ақпараттардың (оның атынан сыртқары беруші ұсынған кез келген мәліметті қоса алғанда) нақтылығына кепілдік бермейді, сондай-ақ кейін оған түзетулер немесе өзгерістер енгізу бойынша қандай да болмасын міндеттемесі жоқ және осымен байланысты қандай да болмасын жауаптылық алмайды.

Компания өзінің атынан және өзінің еншілес кәсіпорындарының, аффилирлендірілген тұлғаларының, директорлары мен қызметкерлерінің атынан ол осы Интернет-сайттағы ақпараттардың кез келген дұрыс еместігі үшін және кез келген хабарланбағаны үшін жауаптылықта болмайтындығы туралы тікелей мәлімдейді. Компания өзінің атынан және өзінің еншілес кәсіпорындарының, аффилирлендірілген тұлғаларының, директорлары мен қызметкерлерінің атынан осы Интернет-сайтқа кірумен және онда орналастырылған кез келген мәліметтерді немесе сілтемелерді, оның ішінде инвестициялық шешімдер қабылдау мақсатында пайдаланумен байланысты пайда болатын тікелей немесе жанама шығындар, сондай-ақ кез келген өзге тұрғыдағы зияндар үшін жауаптылықта болмайды.

Осы Интернет-сайтта орналастырылған ақпарат тек ақпараттық мақсаттар үшін ғана ұсынылды және шақыру болып табылмайды және инвестициялық қызметті жүзеге асыру пиғылы ретінде қаралмауы тиіс. Ұсынылған ақпарат инвестициялық шешім қабылдау үшін негіздеме ретінде пайдаланылмауы қажет.

Компанияның немесе осы Интернет-сайтта аталған кез келген басқа компанияның бұрыңғы қызметінің нәтижелерін оның қызметінің болашақ нәтижелерінің кепілдігі ретінде қарастыруға болмайды. Акциялар мен басқа да бағалы қағаздардың бағасы, сондай-ақ олар бойынша кіріс қысқаруы немесе көбеюі мүмкін және инвесторлар кез келген бастапқыда инвестицияланған соманы қайтарып ала алмауы мүмкін.

Болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдеме

Осы сайтқа орналастырылған, өткен кезеңдерге қатысты нақты мәлімдемелерді қоспағанда барлық мәлімдемелер болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашақ нәтижелерге қатысты мұндай мәлімдемелер басқаларымен қоса:

  • Компанияның жоспарлары, міндеттері және мақсаттары туралы, оның ішінде өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге қатысты мәлімдемені;
  • қызметтің болашақ нәтижелері туралы мәлімдемені; және
  • мұндай мәлімдемелер үшін негіздемелерді баяндауды қамтиды.

Болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдеме, сондай-ақ акцияларға, дивидендтерге, капиталдың құрылымына және басқа да қаржылық мәселелерге немесе коэффициенттерге қатысты болжалған немесе күтіліп отырған кіріс, пайда (шығын), таза пайда (шығындар) туралы мәліметті қамтуы мүмкін.

«Есептейді», «ұйғарады», «күтілуде», «санайды», «ниеттеніп отыр» және «жоспарлап отыр» деген сияқты сөздер мен басқа да осыған ұқсас терминдер болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдемелерді білдіру үшін пайдаланылады, бірақ оларды білдірудің тікелей құралы ретінде қызмет жасамайды.

Өзінің сипаты бойынша болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдеме жалпы да, жеке де сипаттағы тәуекелдермен және болжаусыздықтармен байланысты. Болашақ нәтижелерге қатысты ұйғарымдар, болжамдар, жоспарлар және басқа да мәлімдемелер шындықпен сәйкес келмеуі тәуекелі бар. Бірқатар маңызды факторлардың әсерінен нақты нәтижелер болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдемелерде айтылған жоспарлардан, міндеттерден, күтулерден, есептерден және ниеттерден айтарлықтай айырмашылықта болуы мүмкін екендігін қаперде ұстаған жөн. Мұндай факторларға мыналар жатады:

  • инфляция, валюталардың пайыздық ставкалары мен бағамдарының ауытқуы;
  • мұнайға арналған баға;
  • Қазақстанда мемлекеттік саясат қолданудың немесе оларға өзгерістердің салдары;
  • географиялық аумақтар мен біздің қызметіміз салаларындағы бәсекелестіктің әсері;
  • заңдарға, нормативтік актілерге, стандарттарға немесе салық салу және бухгалтерлік есеп процедураларына өзгерістер енгізудің салдары;
  • Компанияның өзінің өнімдерінің рыноктағы үлесінің рынокқа басқа қатысушыларға қатысты ара қатынасының өсуі бойынша және шығыстарды бақылау бойынша мүмкіндіктері;
  • активтерді сатып алу және иеліктен шығару жөніндегі мәмілелер;
  • технологиялық өзгерістер;
  • ауа-райы жағдайы; және
  • көрсетілген факторлардың пайда болуы тәуекелдерін басқарудың табыстылығы.

Факторлардың аталған тізбесі түбегейлі болып табылмайды. Компания болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдемелердің негізінде шешім қабылдай отырып жоғарыда көрсетілген факторлар мен басқа да болжаусыздықтар мен оқиғаларды, әсіресе Компания өзінің қызметін жүзеге асыратын саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлардың өресінде ескергені жөн. Болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдеме олар жасалған датаға ғана өзекті және кез келген тұрақты реттеуші міндеттемелер мен басқа да қолданылып жүрген заңнаманы ескере отырып Компания өзіне көрсетілген мәлімдемелердің кез келгеніне жаңа мәліметтердің, болашақ оқиғалардың негізінде немесе өзге негіздерде болмасын жаңарту немесе өзгерістер енгізу жөнінде міндеттеме қабылдамайды. Компания болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдемелерде сипатталған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай кепілдіктер мен бағалар бермейді. Көрсетілген болашақ нәтижелерге қатысты мәлімдеме әр жағдайда көптеген мүмкін болатын сценарийлердің бірін көрсетеді және неғұрлым мүмкін болатын немесе стандарттық сценарий ретінде қарастырылмауы тиіс.

Наверх