eng|pус|Қаз
Интерактивті жылдық есеп 2009






Артықшылықты акцияларды сатып алу


Директорлар кеңесінің 2010 жылдың 23-ақпандағы шешіміне сәйкес, Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ында (KASE) өзінің артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама шарттарына сәйкес, Компания артықшылықты акцияларды 4 136 107 акцияға дейін мөлшерде (яғни, Компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санының 100%-на дейін), қарапайым акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты Компанияның жұмсаған шығындарын алып тастағанда, Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күндегі Компанияның өзіндік капиталының 10%-ынан аспайтын сомада сатып алуға ниеттеніп отыр.

Компания сатып алу бағдарламасын 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін KASE-де жүргізілетін мамандандырылған сауда серияларын өткізу жолымен жүзеге асыратын болады. Биржалық кеңестің 2010 жылдың 4-наурызы күнгі шешімімен Компанияның артықшылықты акциялары KASE-нің ресми тізіміне (RDGZp) енгізілді және 2010 жылдың 9-наурызы күнінен бастап саудаға жіберілді.

KASE-дағы мамандандырылған саудалардың аясында ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларына RDGZpА сауда коды берілді.

Төмендегі кесте өткізілген мамандандырылған саудалардың нәтижелері көрсетілген

Дата Сатып алыннған акциялар саны (RDGZpА), дана. Бір акцияның бағасы, теңге Сатып алынған акциялардың сомасы, теңге
30.07.2010 456 148 17 980,93 8 201 965 257,64
28.05.2010 26 384 17 093,43 450 993 057,12
09.04.2010 65 224 21 988,89 1 434 203 361,36
10.03.2010 92 771 21 180,06 1 964 895 346,26
09.03.2010 122 733 21 060,52 2 584 820 801,16
Жиыны: 763 260 19 176,79 14 636 877 823,54

Артықшылықты акцияларды ұстаушылар бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты АӨҚО ақпараттық-анықтамалық қызметіне 8-8000-800-177 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін, қалалық нөмірден теру керек) нөмірі арқылы хабарласып алуына болады.


Сатып алу бағдарламасына қатысу үшін артықшылықты акцияларды ұстаушыларға арналған жадынама  Жүктеу

Бағдарлама бойынша баспасөз мәлімдемелері

Кері байланыс