Акцияларды сатып алу

Қарапайым акцияларды кері сатып алу (10/2011 - 12/2012)

Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Компания 2011 жылғы 11 қазаннан бастап өзінің қарапайым акцияларын (Акция) және Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (ҒДҚ) кері сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама аясында Компания 300 млн. АҚШ долларына дейінгі сомаға Қазақстан қор биржасында (KASE:RDGZ) орналастырылған Акцияларды және Лондон қор биржасындағы (LSE:KMG) ҒДҚ-ларды кері сатып ала алады. Бағдарлама биржалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылды және 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.

 

Қарапайым акциялар

ҒДҚ

Акциялардың/ҒДҚ саны*

19 461

14 386 605

Акцияға/ҒДҚ-ға шақталған орташа баға

16 532 теңге

18,07 АҚШ доллары

*14 386 602 АДҚ 2011-2012 жылдары өткізілген акцияларды сатып алу бағдарламасының шеңберінде қарапайым акцияларға конвертерлендірілді. Акцияларды сатып алудың екі бағдарламасының нәтижесінде қазынашылық қарапайым акциялардың жалпы саны 2 527 860 акцияны құрайды

Басымдықты акцияларды кері сатып алу (03/2010 - 12/2011)

Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 ақпандағы шешіміне сәйкес, Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да (KASE) өзінің басымдықты акцияларын сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, Компания басымдықты акцияларды 4 136 107 акцияға дейінгі мөлшерде (яғни, Компанияның орналастырылған басымдықты акцияларының жалпы санының 100%-на дейін), қарапайым акциялар мен ауқымды депозитарлық қолхаттарды кері сатып алу  бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты Компания жұмсаған шығындарды алып тастағанда, Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күндегі Компанияның жеке капиталынан 10%-дан аспайтын сомада сатып алуға ниеттенген.

Компания кері сатып алу бағдарламасын 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін KASE-де жүргізілетін бірқатар мамандандырылған сауда-саттықтар өткізу жолымен жүзеге асырды. Биржалық кеңестің 2010 жылғы 4-наурыздағы шешімімен Компанияның басымдықты акциялары KASE-нің ресми тізіміне (RDGZp) енгізілді және 2010 жылғы 9-наурыздан бастап сауда-саттыққа жіберілді. KASE-дағы мамандандырылған саудалардың аясында ҚМГ БӨ басымдықты акцияларына RDGZpА сауда коды берілді.

 

Басымдықты акциялар

ҒДҚ

Акциялардың/ҒДҚ саны

2 073 147

н/п

Акцияға/ҒДҚ-ға шақталған орташа баға

17 912 теңге

н/п

 

Қарапайым акцияларды кері сатып алу (11/2008 - 10/2009)

 

 

Қарапайым акциялар

ҒДҚ

Акциялардың/ҒДҚ саны

110 632

8 699 697

Акцияға/ҒДҚ-ға шақталған орташа баға

12 968 теңге

15,14 АҚШ доллары

 

Опциондар бағдарламасын іске асыру үшін қарапайым акцияларды кері сатып алу

Опциондық бағдарламаның жоспарына сәйкес, Компанияның қызметкерлеріне ҒДҚ бойынша ұсыну сәтіндегі ҒДҚ-ның нарықтық бағасына тең болатын орындау бағасымен ҒДҚ бойынша опциондар ұсынылды.

Акциялар мен ҒДҚ-ларды кері сатып алумен қоса, акцияларды кері сатып алудың үш бағдарламасы шеңберінде, Компания қызметкерлер үшін опциондар бағдарламасын іске асыру мақсатында ҒДҚ-ларды кері сатып алды. 2014 жылғы 30 қыркүйектегі  жағдай бойынша, ҚМГ БӨ опциондық бағдарламасын іске асыру үшін жоғарыда айтылған бағдарламалар аясында сатып алынңан ҒДҚ есепке алғанда, 9 560 398 ҒДҚ сенімді басқаруда тұр.

Опциондақ бағдарлама жөніндегі толығырақ  ақпаратты Компанияның жылдық қаржылық есебінен табуға болады.

Бағдарлама бойынша баспасөз-релизі.

Наверх