Бағдарлама бойынша баспасөз мәлімдемелері

11 қазан, 2011

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акциялар мен ЖДҚ-тарды кері сатып алу процедурасының «жабық кезеңде» екенін хабарлайды

Астана, 11 қазан 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») акциялар мен ЖДҚ-тарды кері сатып алу процедурасының 2011 жылдың 14-қарашасына күтіліп отырған Компанияның 2011 жылдың 3-ші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерін жариялау алдындағы «жабық кезеңде» екенін жариялайды.* «Жабық кезең» 2011 жылдың 11-қазанында басталып, 2011 жылдың 14-қарашасына дейін жалғасады деп күтілуде.

«Жабық кезең» кезінде акцияларды кері сатып алуды «жабық кезең» басталғанға дейін Компания белгілеген параметрлердің шеңберінде жұмыс істейтін екі тәуелсіз брокер жүзеге асыратын болады. Бүкіл «жабық кезең» ішінде брокерлер Компаниядан тәуелсіз және оның тарапынан ықпал етуінсіз, бірақ 2011 жылдың 15 қыркүйегінде Директорлар кеңесі мақұлдаған акцияларды кері сатып алу бағдарламасына сәйкес шешім қабылдайтын болады.

Аталған түсініктемені жасай отырып, Компания өз қызметіне қатысы бар, рынокқа белгісіз ақпараттарға ие еместігін растайды.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың маусымында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
E-mail: pr@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
E-mail: ir@kmgep.kz

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

2011.10.10_Press-release_close period_kaz (105 Кб) Көшіріп алу
Наверх