Бағдарлама бойынша баспасөз мәлімдемелері

03 қараша, 2011

ҚМГ БӨ KASE-да артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі қорытынды мамандандырылған сауданың өтетін күнін жариялайды

Астана, 3 қараша 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2011 жылдың 21 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөніндегі қорытынды мамандандырылған сауданың өткізілетінін хабарлайды. Есептесу 2011 жылдың 23-желтоқсанында жүргізіледі.

Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасының аясында Компания жалпы сомасы шамамен 35 млрд. теңгеге жуық қаражатқа 1,9 миллионнан астам артықшылықты акцияларды сатып алды. Қорытынды мамандандырылған сауданы жүргізгеннен кейін Компания оның нәтижелері туралы хабарландыруды жариялайтын болады.

Бұған дейін хабарланғанындай, Компания биржаның қолданыстағы ережелеріне сай, KASE сауда жүйесінде отызкүндік мамандандырылған саудалар сериясын ұйымдастыру жолымен артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын бекіткен болатын. Бағдарламаны 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған бағдарламаның аясында өтетін қорытынды саудалар артықшылықты акциялардың иелеріне құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді рыногында сауда жүргізуге тағы бір мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, шамамен 20 мыңнан астам адам иеленіп отыр.

АНЫҚТАМА:

Өзінің акцияларын сатқысы келген кез-келген артықшылықты акциялардың иесі сатуға өтінім қабылданған кезде немесе оған дейін «Орталық Құнды Қағаздар Депозитарийі» АҚ есеп-шотында құнды қағаздардың болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Артықшылықты акциялар иелері өздерінің артықшылықты акцияларын сатуға лимиттелген қарсы өтінімдер беруге тиіс. Өтінім бағасы үтірден кейін екінші белгіге дейін дәл жазылуы және теңгеде көрсетілуі керек. Өтінімде көрсетілген қаржылық құралдардың саны сатылатын артықшылықты акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімдердің көлемі сатылатын акциялар санын акция бағасына көбейткендегі көрсеткішке тең болуы тиіс.

Лимиттелген өтінімдер мамандандырылған сауданы өткізгеннен кейін Компания белгілеген кесу бағасы бойынша қабылданатын болады. Компания кесу бағасына тең немесе төмен болатын лимиттелген өтінімдерді қанағаттандырады. Компания бағасы кесу бағасынан асатын лимиттелген өтінімдерді қанағаттандырмайды.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың маусымында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.

Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шалыңыз:

Мамандандырылған саудаларға қатысты: АӨҚО ақпараттық-анықтамылық қызметі - 8 800 080 01 77 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
E-mail: pr@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
E-mail: ir@kmgep.kz

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

111102-kaz-Jaguar-PR_trade_open (110 Кб) Көшіріп алу
Наверх