eng|pус|Қаз
Интерактивті жылдық есеп 2009






Қазақстан


Қазақстан Республикасы – жалпы аумағы бүкіл Батыс Еуропаның аумағынан асатын 2,7 миллион шаршы километрді құрайтын аумағы жағынан үлкен ел. Қазақстан Еуразияның солтүстік және орталық бөлігіне орналасқан және бар жағынан дерлік құрлықпен қоршалған.

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Шекарасының бір бөлігі Каспий теңізінің жағалауымен астасып жатыр. Халық саны 2008 жылы 15,8 миллионнан астамды құрады.

Қазақстан басқа Орта Азиялық республикалармен бірге 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін өзінің тәуелсіздігі туралы жариялады және сол жылдың желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрамына кірді.

1991 жылдың 1 желтоқсанында оның нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ының қолдауына ие болған Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы болды. 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы сайлау кезінде Президент Назарбаевтың өкілеттігі жеті жылдық мерзімге белгіленді.

1997 жылы Қазақстанның астанасы елдің ең ірі қаласы Алматыдан Астанаға (бұрынғы Акмола) көшірілді.

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ЖІӨ-нің тұрақты өсуі байқалуда, жыл сайынғы өсу 9%-дан астамды құрайды. 2008 жылға Қазақстан Үкіметі Қазақстанның ЖІӨ-сін 2000 жылмен салыстырғанда екі есе арттыруды жоспарлап отыр.

Жоғары экономикалық көрсеткіштерінің арқасында Қазақстан 2000 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың арасында бірінші болып ХВҚ-ға берешегін мерзімінен 7 жыл бұрын толықтай төледі. 2002 жылдың қыркүйегінде Қазақстан инвестициялық деңгейдегі несиелік рейтинг алған тұңғыш ТМД мемлекеті болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан мұнай мен газдың 8 миллиард тонна дәлелденген қорына ие. Мамандардың пікірі бойынша мұнай өндіру мен кен орындарын игеруді арттыру 2015 жылға қарай елге жылына 90-100 миллион тоннаға (күніне 1,8-2,0 миллион баррель мұнай) дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік мұнай өндірушілердің алғашқы ондығына кіреді.