«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»
ҚМГ БӨ-нің 2009 жылдағы өндіру көлемі «Қазгермұнай» және «Қаражанбасмұнай» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,5 млн. тоннаны құрады.
ҚМГ БӨ Қазақстанда мұнай өндіруден көпжылдық мол тәжірибесі бар және елдің Батыс өңіріндегі кеніштердің геологиялық құрылымы жайында мол мәлімет жинаған компания.
ІРО кезінен бері ҚМГ БӨ акционерлерге шамамен 1,6 млрд. АҚШ долларын төледі.
5 жыл ішінде ҚМГ БӨ өзінің қызмет ету аймақтарында әлеуметтік жобаларға 23,3 млрд. теңге қаражат жұмсады.
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысындағы 41 кенорнын игереді.
ҚМГ БӨ мұнай және газ өндіру жөнінен Қазақстандағы көшбасшылардың үштігіне енеді.
ҚМГ БӨ – Қазақстандағы ірі салық төлеуші – 4 жыл ішінде ел бюджетіне салықтар мен төлемдер ретінде 700 млрд. теңгеден астам қаражат құйылды.
ҚМГ БӨ акцияларының 60%-ы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы арқылы мемлекеттік иелігіне жатады.
ҚМГ БӨ Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингі мен «BB+» несиелік рейтингін иеленді.
ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорлары 1,7 млрд. баррель, ал тәуелді компаниялардағы үлестерді қосқанда шамамен 2,2 млрд. баррель мұнайды құрайды.
ҚМГ БӨ қарапайым және артықшылықты акциялары Қазақстан қор биржасында, ал жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында орналастырылған.
ҚМГ БӨ – өзінің қызмет ету аймағындағы ірі жұмыс берушілердің бірі. Компанияның өндірістік филиалдарында 14 000 адам жұмыс істейді.