|
|
||
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
10.06.2010 ҚМГ БӨ өндірістік филиал жұмыскерлері еңбекақысының өсу өлшемдерін түсіндіріп отырАстана, 10 маусым 2010ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ( «ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» (ЕМГ) өндірістік филиалдары жұмыскерлері еңбекақысының орташа есеппен алғанда 25%-дан астам көлемге ұлғайтуды қарастыратын Ұжымдық шартқа өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. «Ембімұнайгаз» ӨФ мұнай кәсіпшіліктеріне жұмыс сапары барысында ҚМГ БӨ бас директоры Кенжебек Ибрашев бастаған жұмыс тобы «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат өндіру цехтарының, мұнай дайындау, мұнай және газ өндіру цехтарының, сондай-ақ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ өндірістік қызмет көрсету базаларының еңбек ұжымдарымен кездесіп, көтермелеуші 1,8 салалық коэффициентті және 1,7 аумақтық (аудандық) коэффициентті сақтай отырып, еңбекақыға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызын түсіндірді. Кенжебек Ибрашев ӨМГ ӨФ-ындағы еңбек дауын реттеу үшін құрылған Бітімгерлік комиссияның шешімі бойынша осы жылдың наурыз айында Ұжымдық шартқа еңбекақыны ұлғайтуға қатысты ұсынылған өзгерістер бойынша Компания басшылығы жүргізген жұмыстар туралы жұмыскерлерді хабардар етті. ҚМГ БӨ бастамасымен және ҚР Үкіметі тапсырмасымен құрылған арнайы жұмыс тобы осы жылдың сәуір-маусым айларында ҚМГ БӨ қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне талдау жасады және оның заңнамалар талаптарына толықтай сәйкес екендігін айғақтады. Өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақы жағдайын жақсарту мақсатында еңбекақыны көтеру туралы мәселе Компания директорлар Кеңесінің қарауына шығарылды. Осы жылдың 26-мамырында ҚМГ БӨ директорлар Кеңесі негізгі өлшемдерді мақұлдады және маусымның алғашқы күндерінде «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» жұмыскерлерінің мүддесін білдіретін кәсіподақ басшыларымен жұмыс кездесулері өтіп, онда Ұжымдық шартқа болатын қосымша келісімнің жобасы дайындалды. ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, дайындалған қосымша келісім жобасы филиалдың еңбек ұжымдарында міндетті түрде талқылануы тиіс. Осы мақсатта құрылған екі топқа Жұмыс берушінің және кәсіподақтың өкілдері еніп, олар жергілікті жерлерде осы жылдың маусым айының 7-11 күндері аралығында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жұмыскерлер келісім берсе және тараптар қосымша келісімге қол қойған жағдайда, 2010 жылдың 1-маусымынан бастап көтермелеуші салалық коэффициентті есепке ала отырып филиалдардың өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысы көтеріледі, сонымен бірге 1,7 аумақтық (аудандық) коэффициент сақталады. Ұжымдық шарттың әлеуметтік пакетті төлеуге қатысты барлық басқа да ережелері еш өзгеріссіз сақталып отыр. Кездесу кезінде ҚМГ БӨ даму келешегі, Компанияның ресурстық базасын өсіру жөніндегі жоспарлары, жаңа активтерді сатып алу және халықаралық мұнайгаз нарығына шығу жайы талқыланды. ҚМГ БӨ бас директоры Компания жүргізіп жатқан артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасы, сондай-ақ әлеуметтік және кадр саясаты туралы жұмыскерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, Компания басшылығы зейнеткерлік жасқа, денсаулық жағдайына байланысты еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтатуға тілек білдірген жұмыскерлердің мәселелерін жеке тәртіпте қарауға дайын екендіктерін білдірді. Жалпы алғанда, Ұжымдық шартқа Жұмыс беруші ұсынған өзгерістер, еңбек ұжымдарында жылы қабылданды. Аталған мәселе бойынша жұмыскерлер тарапынан көңіл толмаушылық немесе ескертпелер болған жоқ. Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында түсіндіру жұмыстары аяқталды. «Ембімұнайгаз» мұнай кәсіпшіліктері арасының алшақтығына байланысты бұл өндірістік филиалда түсіндіру жұмыстары осы жылдың 11-маусымына дейін жалғасатын болады. АНЫҚТАМА ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша 234 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2009 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ-нің несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, ал 2009 жылдың желтоқсанында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін берді. Байланыстық ақпарат: «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: mailto:pr@kmgep.kz@pelhampr.com «ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: mailto:ir@kmgep.kz@pelhampr.com Pelham PR (+44 207 861 3147) Елена Добсон e-mail: Elena.dobson@pelhampr.com Болашаққа қатысты мәлімдеме Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды. Пресс релиз секiру |
|