eng|pус|Қаз
Интерактивті жылдық есеп 2009






Баспасөз парақтары


12.07.2010
«ҚМГ БӨ» АҚ және «ҚМГ» ҰК» АҚ активтерді сатып алу стратегиясы мен Қаражатты басқару саясатын жүзеге асырып отыр.

• ҚМГ БӨ Қазақойл Ақтөбе, Қазақтүрікмұнай және Маңғыстаумұнайгаз компанияларындағы үлестерді сатып алады
• ҚМГ БӨ Қаражатты басқару саясатын жаңартты
• ҚМГ ҰК облигацияларын ҚМГ БӨ сатып алады

Астана, 12 шілде 2010 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») нарыққа ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК арасындағы бірқатар мәмілелер туралы хабарлайды.

Сатып алулар

ҚМГ ҰК-мен келісім бойынша, ҚМГ БӨ «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інде (ҚОА) 50% үлесті, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-інде (ҚТМ) 51% үлесті және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) 100% акцияларына иелік ететін Mangistau Investments B.V. (MIBV) компаниясында 50% үлесті сатып алады.

Осы үш активті сатып алу құны 750 млн. АҚШ долларын, оның ішінде ҚОА-дегі 50%-дық қатысу үлесінің бағасы 350 млн. АҚШ долларын, ҚТМ-дегі 51 %-дық қатысу үлесінің бағасы 70 млн. АҚШ долларын және Mangistau Investments B.V.-дегі 50%-дық қатысу үлесінің бағасы 330 млн. АҚШ долларын құрайды. Мәмілені қаржыландыру ҚМГ БӨ өз қаржысының есебінен жүргізіледі. Сатып алынатын үлестерге сәйкес келетін таза қарыздың жалпы сомасы 1 499 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 116 млн. АҚШ доллары ҚОА-ге, 53 млн. АҚШ доллары ҚТМ-ге1 және 1 330 млн. АҚШ доллары MIBV2-дің жиынтық қарыздарына тиесілі.

Алдын-ала бағалау бойынша, аталған мәміленің нәтижесінде ҚМГ БӨ жиынтық өндіру көлемінің артуы шамамен 27 %-ды, ал 2Р санаты бойынша дәлелденген және ықтимал қорларының артуы 406 млн. баррельді (18,5 %) құрайтын болады.

ҚМГ бас директоры Кенжебек Ибрашев: «Қазақойл Ақтөбе», «Қазақтүрікмұнай» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларындағы үлестерді сатып алу біздің даму стратегиямыздың бір көрінісі болып табылады және бұл Қазақстандағы мұнайгаз активтерін шоғырландыруда ҚМГ БӨ-нің рөлін тағы бір мәрте айқындап беріп отыр. Бұл мәмілелер өндіру көлемі мен ресурстық базаны айтарлықтай арттыруға, біздің Қазақстандағы қызметіміздің географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді.

Аталған мәмілелердің өзара байланысқан тараптардың арасында жүргізілуіне байланысты, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінде дауыс беруге тек қана тәуелсіз директорлар қатысып, аталған мәмілелерді бірауыздан мақұлдады. Одан бөлек, ҚМГ ҰК Директорлар кеңесінің де келісімі алынды.

Credit Suisse және Visor Capital инвестициялық банктердің әрқайсысыҚМГ БӨ Директорлар кеңесіне ҚМГ БӨ-нің ММГ-дегі үлесті сатып алу үшін төлейтін бағасы қаржылық тұрғыдан алғанда әділ болып табылады деген қорытынды ұсынды. Қазақстан Республикасының реттеуші органдарының рұқсатын алуды қосқанда, бірқатар процедуралардан өтуді қажет ететін бұл мәміле 2010 жылдың 3-тоқсанында жабылады деп күтілуде.

Директорлар кеңесіне сондай-ақ ҚОА және ҚТМ компанияларындағы үлестерді сатып алу үшін ҚМГ БӨ төлейтін бағаның Компания үшін қаржылық жағынан әділ болып табылатыны туралы Deutsche Bank-тің қорытындысы ұсынылды. 2010 жылдың 4- тоқсанында жабылады деп күтіліп отырған осы мәмілені жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ҚОА мен ҚТМ-ның қалған акционерлерінің басымдықты құқықтан жазбаша түрде бас тартуы мен реттеуші органдардың рұқсатын алуды қосқанда, бірқатар талаптарды орындау қажет.

ҚМГ ҰК сондай-ақ осы жылдың ішінде жаңа барлау блоктарының бірқатарын ҚМГ БӨ-ге өткізуді қарастырып отырғанын растайды.

Компанияның Қаражатты басқару саясаты

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Компанияның Қаражатты басқару саясаты аясында контрагенттер санын ұлғайту, тәуекелдерді азайту, несиелік позициясын кеңейту және әртараптандыру мақсатында Компанияның қаржы ресурстарын орналастыру ережелерін қайта қарады («Анықтама» бөлімін қараңыз).

ҚМГ ҰК облигациялары

ҚМГ БӨ және ҚМГ ҰК бүгін 220 млрд. теңге (1,5 млрд. АҚШ доллары баламасы) сомасына ҚМГ ҰК шығарған облигацияларды үш жыл айналым мерзімімен (бұдан әрі – «Облигациялар») ҚМГ БӨ сатып алуға ниетті екенін жариялады.

Мәміленің негізгі параметрлері

• 2010 жылдың 25-маусымы күні шығарылған облигациялардың номинальдіқұны 1,5 млрд. АҚШ доллары баламасын құрайды.
• Купондық сыйақының ставкасы жылына 7%-ға тең, айналым мерзімі – үш жыл.
• Мәміле белгіленген шектен асып кеткен жағдайда облигациялардың тиісті көлемін есептеу жолымен ҚМГ БӨ-ге ҚМГ ҰК-дан активтерді сатып алуды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
• Мәміле шарттарына сәйкес, ҚМГ ҰК айналымдағы облигациялардың тиісті көлемін есептеуді ҚМГ БӨ тарапынан төленетін болашақ дивидендтер сомасы есебінен жүргізеді.
• Мәміле тәуекелдерді азайтып, несиелік ұстанымды кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік береді.

ҚМГ ҰК Облигацияларын шығарудың негізгі шарттары

Жылдық 7 % купондық ставкалы облигациялар номинальді құнмен сатып алынады және USD/KZT бағамы бойынша индекстеледі.

Тараптар арасындағы облигацияларды сатып алу-сату келісімшартына сәйкес:

• ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ-нің болашақта төлейтін дивидендтің кез-келген сомасын айналымдағы Облигациялардың тиісті санына есептеу жүргізуге міндетті.
• Егер Облигациялар айналымы мерзімі ішінде ҚМГ БӨ-нің ҚМГ ҰК-нан сатып алатын активтерінің жалпы сомасы 800 млн. АҚШ долларынан асса, ҚМГ БӨ USD/KZT бағамы бойынша индекстелген жинақталған купондық сыйақыны есепке ала отырып, олардың номинальді құны бойынша облигациялардың белгіленген шектен асқан көлемге тең бөлігін сату жолымен сатып алуларды қаржыландыруға мүмкіндік алады. Аталған шек ҚМГ БӨ-нің «Қазақойл Ақтөбе» (50%), «Қазақтүрікмұнай» (51%) және MIBV (50%) компанияларындағы үлестер үшін төлеген сомасын қамтитын болады.
• Егер Облигациялар айналымының мерзімі аяқталғаннан кейін ҚМГ ҰК қалған борыш сомасын қолма-қол қаражатпен өтемесе, ҚМГ БӨ акционерлерге ҚМГ ҰК-нің үлесі қалған борыштың сомасын өтеуге жеткілікті болатындай етіп Арнайы дивиденд төлейді.
• ҚМГ БӨ, қажет болған жағдайда, миноритарлық акционерлерге Арнайы дивидендтің бір бөлігін төлеу үшін сенімді банктерде жеткілікті қаражат орналастыру шараларын қолға алады. Егер сенімді банктерде сақталған қаражат мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, тәуелсіз директорлардың бюджеттік сомадан асып кететін шығындарға бақылау жасауына мүмкіндік беретін арнайы процедуралар әзірленіп, қолданысқа енді.

Облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу агенттігінде тіркелген. Облигациялар «Қазақстан қор биржасы» АҚ («KASE») ресми тізіміне енеді деп күтілуде және биржаға тиісті өтініш жолданды.

Өзара байланысқан тараптар болып табылатын ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК арасында қол қойылған өзара қарым-қатынас келісімшартының талаптарына сәйкес, Облигацияларды сатып алу туралы шешім ҚМГ БӨ тәуелсіз директорларының мақұлдауын керек етеді. Тәуелсіз директорлар N M Rothschild & Sons Limited-тің сараптамалық бағалауына сүйене отырып, Облигацияларды сатып алу жөніндегі мәміле ҚМГ БӨ миноритарлық акционерлері үшін әділ әрі оңтайлы деп есептейді.

Аталған мәмілеге түсінік бере келе, ҚМГ БӨ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жаннета Бекежанова былай деп мәлімдеді: «Бұл мәміле Компанияның өсу стратегиясын қаржыландыру қабілетін сақтай отырып, біздің контрагенттерге қатысты несиелік тәуекелдерді азайтуға және әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сатып алу сондай-ақ Компаниядағы қаражат қолданысын акционерлер үшін неғұрлым ашық етеді».

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері Ардақ Қасымбек: «Аталған мәміле ҚМГ БӨ миноритарлық акционерлерінің мүддесін қорғай отырып, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына қолда бар қолма-қол қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз барлық акционерлердің мүддесі үшін ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ арасындағы ұзақмерзімді әрі тиімді ынтымақтастыққа талпынамыз», - деп мәлімдеді.

Облигацияларды шығару шарттарын облигацияларға «Baa2» рейтингін берген Moody’s Investors Service рейтингілік агенттігі қарады.

Аталған мәміленің аясында «VISOR Capital» АҚ ҚМГ БӨ-нің және N M Rothschild & Sons Limited Компанияның тәуелсіз директорларының тәуелсіз қаржылық кеңесшілері болып табылады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша 234 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2009 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ-нің несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, ал 2009 жылдың желтоқсанында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін берді.

Компанияның Қаражатты басқару саясаты Директорлар кеңесінде бекітілді және ол Компанияның қаржы құралдарын басқару жөніндегі нұсқаулық болып табылады. Саясатқа енгізілген өзгерістерге сәйкес, Компания өзінің қолма-қол ақшасын несиелік рейтингі Қазақстан Республикасының дербес рейтингісінен кем дегенде екі пунктке төмен болмайтын жергілікті қазақстандық банктердегі және несиелік рейтингі А- рейтингінен төмен емес халықаралық банктердегі депозиттерде орналастыруға міндетті. Саясатқа сәйкес, осы күнге дейін Компания депозиттерінің басым бөлігі орналастырылған екі ірі қазақстандық банк – Халық банкі мен Казкоммерцбанкке бұл талаптар жүрмейді. Сонымен қатар, Қаражатты басқару саясаты 2011 жылдың соңына таман аталған екі банкте орналастырылуы мүмкін соманы 750 млн. АҚШ долларына дейін біртіндеп азайтуды қарастырады.

ҚМГ ҰК Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін, көмірсутектерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор болып табылады. ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ-нің айналымдағы жай акцияларының шамамен 63 %-ына иелік етеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100 %-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның иелігінде.

ҚОА Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай кенорындарын игереді. 2009 жылы өндіру көлемі 0,93 млн. тоннаны (тәулігіне 19 мың баррель) құрады, дәлелденген және ықтимал қорлары шамамен 30 млн. тоннаға (217 млн. баррель мұнай баламасына) бағаланады. ҚОА-ның екінші акционері – Caspian Investment Resources.

ҚТМ екі жер қойнауын пайдалану келісімшартына ие және Маңғыстау облысындағы Батыс Елемес, Солтүстік-Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе, Ақтөбе облысындағы Лақтыбай және Оңтүстік Қаратөбе кенорындарын игереді. 2009 жылы өндіру көлемі 0,22 млн. тоннаны (тәулігіне 4,5 мың баррель) құрады, дәлелденген және ықтимал қорлары шамамен 5,6 млн. тоннаға (41 млн. баррель мұнай баламасына) бағаланады. ҚТМ-дың екінші акционері –Turkish Petroleum Corporation (TPAO).

ММГ Қазақстандағы ірі мұнайгаз компанияларының бірі және мұнайды барлаумен және өндірумен айналысады. ММГ өндіру көлемі 2007 жылы 5,7 млн. тоннаны, 2008 жылы – 5,6 млн. тоннаны, ал 2009 жылы 5,7 млн. тоннаны құрады. 2Р санаты бойынша дәлелденген және ықтимал қорлары 2009 жылдың соңында шамамен 78,9 млн. тоннаға (556 млн. баррель) бағаланды. Батыс Қазақстандағы Жетібай және Қаламқас кенорындары ММГ-дың негізгі активтері болып табылады.ММГ жалпы 15 геологиялық барлау және мұнай өндіру лицензиясына ие.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
E-mail: pr@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
E-mail: ir@kmgep.kz

Pelham PR (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
E-mail: Elena.dobson@pelhambellpottinger.co.uk

«ҚМГ» ҰК» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 6330)
Ғалым Тұмабаев
e-mail: G.Tumabayev@kmg.kz

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қаржылық көрсеткіштер
2009 жылдың 31 желтоқсанында активтерге регрессіз берілген қарыздың толық көлемі 2 771млн. АҚШ долларын құрады. Қарыз 2009 жылы LIBOR+3,5% ставкасы бойынша берілді.