Ақпараттық хабарлама

08 желтоқсан, 2017

Пут опционды қолдану кезеңінің басталғаны туралы хабарлама

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АҚ («Қоғам») барлық акционерлерді 2017 жылдың 8 желтоқсанында Директорлар кеңесі өткені туралы хабардар етеді, онда жасалуында мүдделілік бар мәміле – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қайтарып алынбайтын міндеттемесі (irrevocable undertaking) және ірі мәміле – орналастырылған жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып алу бойынша өзара байланысқан мәмілелердің жиынтығы мақұлданды, олардың нәтижесінде Қоғам орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санынан жиырма бес және одан да көп пайызы мөлшерінде өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып ала алады.  

2003 жылдың 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 27-бабына сәйкес 2017 жылдың 8 желтоқсанында Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдермен келіспейтін акционерлер Қоғамға олардың акцияларын сатып алу туралы  талап қоя алады.  Акцияларды сатып алу 2008 жылдың 23 қаңтарындағы Акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілген «Қоғамның сатып алуы кезінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ акцияларының құнын айқындау әдістемесінің» («Әдістеме») 10-тармағына сәйкес жүргізілетін болады. Ақпарат үшін Әдістеменің мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыздар:

https://kmgep.kz/uploads/files/The_procedure_for_valuation_of_shares__20-06-2016_-_kaz.pdf

Жоғарыда көрсетілген талапты Әдістеменің 6-тармағына сәйкес Компанияға 2018 жылдың 7 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр, 17 мекенжайы бойынша орналасқан Компанияның кеңсесінде беруге болады.

Пут опционды қолдану кезеңінің басталғаны туралы хабарлама (123 Кб) Көшіріп алу
Наверх