Ақпараттық хабарлама

09 қаңтар, 2018

Пут опцион әрекеті кезеңінің аяқталуы туралы хабарландыру

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («Қоғам») барлық акционерлерге 2017 жылғы 8 желтоқсанда өткен отырыста Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерімен келіспеуіне байланысты өздеріне тиесілі акцияларды сатып алу бойынша Қоғамға талап қоюдың акционерлер құқықтарының мерзімі аяқталғаны туралы хабарлайды.

Қоғам 2017 жылғы 8 желтоқсанда Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімдер туралы және қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда өздеріне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талаптар қою бойынша акционерлер құқықтарының туындауы жөнінде хабарлады. Тиісінше хабарламамен https://www.kmgep.kz/kaz/press_center/informational_messages/?cid=0&rid=1011  сілтемесін басып танысуға болады.

2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес акционерлер акцияларды сатып алу туралы талапты Қоғамға Директорлар кеңесі тиісінше шешім қабылдаған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде қоюы мүмкін. Көрсетілген мерзімнің аяқталу күні 2018 жылдың 7 қаңтарына келеді. 2018 жылдың     7 қаңтары жұмыс істемейтін күн болғандықтан, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 175-бабына сәйкес содан кейінгі ең таяу жұмыс күні – 2018 жылдың 8 қаңтары мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.  

Осылайша, Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған жоғарыда көрсетілген шешімдерімен келіспеуіне байланысты өздеріне тиесілі акцияларды сатып алу бойынша Қоғамға талап қоюдың акционерлер құқықтарының мерзімі 2018 жылдың 8 қаңтарында аяқталды.

Пут опцион әрекеті кезеңінің аяқталуы туралы хабарландыру.pdf (69 Кб) Көшіріп алу
Наверх