Ақпараттық хабарлама

28 мамыр, 2018

АЖЖЖ және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері

Астана, 28 мамыр 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») акционерлердің жылдық жалпы жиналысының («АЖЖЖ») және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелерін жариялайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері

Акционерлердің шешімі бойынша жай және артықшылықты акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері мен таза кірісті бөлу тәртібі мақұлданды. ҚМГ БӨ акционерлері 2017 жылдың қорытындысы бойынша жай акцияларға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ Жарғысына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 25 теңгені құрайтын жылдық ең төмен деңгейдегі кепілдендірілген дивиденд мөлшері (ҚР заңнамасына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса алғанда) төленетін болады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша есептелген дивидендтердің жалпы сомасы 48 млн. теңгені[1] (145 мың АҚШ долларына жуық[2]) құрайды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу 2018 жылғы 1 маусымда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша акционерлердің тізілімі негізінде жүргізілетін болады және 2018 жылғы 2 шілдеде басталады.

Директорлар кеңесін тағайындау

АЖЖЖ отырысы барысында Директорлар кеңесі 2019 жылғы 22 мамырды қоса алғанға дейінгі өкілеттік мерзімге қайта сайланды. Директорлар кеңесінің жаңа құрамына төрт жаңа мүше қосылды – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ («ҚМГ ҰК») өкілі ретінде Сырғабекова Әсия, ол Густав Луис Юджин Ван Меербекенің орнын алмастырды, сондай-ақ, ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директорлары ретінде Директорлар кеңесінің құрамына Қуандықов Балтабек, Ертілесова Жаннат және Жолтаев Герой сайланды, олар Аластэр Фергюсон, Филип Дэйер және Фрэнсис Соммердің орнын алмастырды.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК-ның Атқарушы вице-президенті – Қаржы директоры Дәурен Қарабаев ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.  

2018 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің құрамы:   

  • Дәурен Қарабаев – ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚМГ ҰК атқарушы вице-президенті – Қаржы директоры, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Карпушин Олег Вячеславович – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті;
  • Ардақ Мұқышев – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті;
  • Сырғабекова Әсия – ҚМГ ҰК өкілі; ҚМГ ҰК стратегия жөніндегі вице-президенті;
  • Құрманғазы Есқазиев – ҚМГ БӨ Бас директоры (ҚМГ БӨ Басқарма Төрағасы);
  • Қуандықов Балтабек – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры;
  • Ертілесова Жаннат – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры;
  • Жолтаев Герой – ҚМГ БӨ Тәуелсіз атқарушы емес директоры.

 Акционерлер бұған дейін АЖЖЖ туралы хабарламада берілген, күн тәртібіндегі барлық мәселелерді, соның ішінде 2017 жылдың Компанияның жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін және жылдық есебін бекітті.    

Анықтама
ҚМГ БӨ 2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі (2P) 180 млн. тоннаны (1 321 млн. баррель) құрады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] 2018 жылғы 22 мамырдағы  жағдай бойынша артықшылықты акциялар санының негізінде есептелген.

[2] 2018 жылғы 22 мамырдағы  жағдай бойынша Теңге/ АҚШ доллары бағамы бойынша ауыстырылды.

АЖЖЖ және Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері (325 Кб) Көшіріп алу
Наверх