Ақпараттық хабарлама

14 маусым, 2018

Қ.О.Есқазиев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ -ның Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды

Астана, 14 маусым 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) листингтік компанияның басқару органының немесе атқарушы органының мүшесі қызметін атқаратын жеке тұлға мұндай қызметін басқа заңды тұлғаның басқару органының немесе атқарушы органының мүшесі қызметімен қоса атқара бастаған жағдай туындағаны туралы ақпарат жолдап отыр.

1)                 листингтік компанияның басқару органының немесе атқарушы органының мүшесі мұндай қызметін қоса атқара бастаған заңды тұлғаның атауы: «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК).

2)                 ҚМГ ҰК-ға басқару органының немесе атқарушы органының мүшесі қызметіне тағайындалған, листингтік компанияның басқару органының немесе атқарушы органының мүшесі қызметін қоса атқаратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты: ҚМГ ҰК директорлар кеңесінің 2018 жылғы 12 маусымдағы шешімімен ҚМГ БӨ-нің директорлар кеңесінің мүшесі, бас директоры – басқарма төрағасы Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы ҚМГ ҰК-ның Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды;

3)    Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлының ҚМГ ҰК Жарғысының және өзге де ішкі құжаттарының шеңберінде уәкілеттігі бар және ол Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарады.

 Анықтама
ҚМГ БӨ 2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі (2P) 180 млн. тоннаны (1 321 млн. баррель) құрады.

 Байланыстық ақпарат:

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

Қ.О.Есқазиев «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ -ның Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды (326 Кб) Көшіріп алу
Наверх