Ақпараттық хабарлама

18 шілде, 2018

АКТЖЖ  нәтижелері

Астана, 18 шілде 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының («АКТЖЖ») нәтижелерін жариялайды.

Акционерлер бұған дейін АКТЖЖ туралы хабарламада берілген, күн тәртібіндегі барлық мәселелерді бекітті.

АКТЖЖ-да бекітілген шешімдерге сәйкес 4 (төрт) адам көлемінде Директорлар кеңесінің құрамы белгіленді және Жолтаев Герой Жолтайұлының (тәуелсіз атқарушы емес директор), Карпушин Олег Вячеславовичтің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Мұқышев Ардақ Жұмағұлұлының («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Сырғабекова Әсия Нарыманқызының («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі) өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осылайша, Директорлар кеңесінің құрамында қалған мүшелер:

  • Дәурен Қарабаев – ҚМГ ҰК өкілі, ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Құрманғазы Есқазиев – ҚМГ БӨ бас директоры (ҚМГ БӨ Басқарма төрағасы), ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары;  
  • Ертілесова Жаннат – ҚМГ БӨ тәуелсіз атқарушы емес директоры;
  • Қуандықов Балтабек – ҚМГ БӨ тәуелсіз атқарушы емес директоры.

Бұдан басқа, АКТЖЖ шешімі бойынша ҚМГ БӨ Жарғысына және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ акцияларын Компания сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді.

Егжей-тегжейлі ақпаратты және АКТЖЖ материалдарын ҚМГ БӨ сайтынан оқи аласыздар.

 Анықтама
ҚМГ БӨ 2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі (2P) 180 млн. тоннаны (1 321 млн. баррель) құрады.

 Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 93)
e-mail: pr@kmgep.kz

  Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

АКТЖЖ нәтижелері (262 Кб) Көшіріп алу
Наверх