Ақпараттық хабарлама

13 қыркүйек, 2018

ҚМГ БӨ ірі мәміле жасалғанын мәлімдейді

Астана, 2018 жылғы 13 қыркүйек. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания», «Қоғам») Директорлар кеңесі 2018 жылдың 10 қыркүйегінде қабылдаған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қаржылай көмек көрсету туралы шешімінің ірі мәміле – нәтижесінде Қоғам құны қоғам активтерінің баланстық құнының жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешім болып табылатынын хабарлайды

 

Мерзімдері мен шарттары

12 ай мерзімге 680 000 000 000 теңгеге дейінгі көлемде қаржылық көмек көрсету

акционерлік қоғам органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні

10.09.2018

мәміле мәні

Қаржылық көмек

Cатып алу/иеліктен шығару активі(тер) туралы ақпарат

Ақша

 

Белгілеген күн бойынша акционерлік қоғам органының келіміс жасау туралы шешімі, мүлік құнының пайыздық көрсеткішінің, келісім пәні болып табылатын, акционерлік қоғам активтерінң жалпы құнына ара қатынасы

37

 

 

Байланыс ақпарат

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

e-mail: ir@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)

e-mail: pr@kmgep.kz

 

 

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдемелер» болып табылатын немесе сондай болып есептелетін мәлімдемелер қамтылған. Болашақты сипаттауға арналған терминология, оның ішінде «есептейді», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіледі», «болжам бойынша», «ниетті», «жоспарлап отыр», «көздейді», «болады» немесе «тиіс» не болмаса, әрбір жағдайда, осы секілді немесе салыстырмалы терминология немесе талқылауларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақ оқиғаларға немесе ниеттерге жасалған сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Аталған болашаққа қатысты мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар, өзгелерден басқа, шектеусіз, Компанияның қызмет қорытындыларына, қаржы жағдайына, өтімділікке, перспективаларға, өсуге, әлеуметті сатып алуға, стратегияға және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты ниеттері, пікірлері және  үміттері туралы мәлімдемелерді қамтиды. Мәнісі бойынша, болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің келешектегі қорытындыларына кепілдік болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі қорытындылары, қаржы жағдайы мен өтімділігі және ел мен Компания жұмыс істейтін салалардың дамуы, осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес, осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін немесе болжануы мүмкін. Компания,жаңа ақпаратты алу, болашақ оқиғалар немесе қандай да бір болмасын өзге де мән-жайлардың нәтижесінде осы құжатта қамтылған, салаға қатысты қандай да бір болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да бір болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және өзіне жаңарту міндеттемесін алмайды. Компания ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және осындай болашаққа қатысты мәлімдемелерде жазылған қорытындыларға қол жеткізілетініне қатысты ешқандай болжам жасамайды.

Наверх