Ақпараттық хабарлама

28 қараша, 2018

ҚР резиденттері емес үшін ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша қосымша хабарлама 

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ») директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 10 тамызында ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасы мақұлданды. Артықшылықты акцияларды сатып алу «Қазақстанның қор биржасы» АҚ-да жүзеге асырылады. Артықшылықты акцияны қайта сатып алу бағасы бір артықшылықты акция үшін 12 800 теңгеге тең.

Акционерлерден келіп түскен өтініш санының көптігіне байланысты 2018 жылдың 12 қарашасында ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің шешімімен артықшылықты акцияларды қайта сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. Артықшылықты акцияларды сатып алу туралы ұсыныстар әрекетінің мерзімі 2019 жылдың 30 қаңтарында сағат 17:00-де аяқталады.  

 «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 6-бабы 3-тармағына сәйкес резидент еместермен азаматтық-құқықтық мәмілелер жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жасалады, егер акционер резидент емес болса, онда мұндай құжат шетелдік паспорт болып табылады.  Сәйкесінше, акцияны сату үшін резидент емес акционердің шетелдік паспорты қажет. Сондай-ақ, брокерде есеп шот ашу, тіркеушінің комиссиясын төлеу және Қазақстан Республикасында ақшаны алу мақсатында банктік есеп шот ашу үшін Қазақстан Республикасының салық органдары берген ЖСН (жеке сәйкестендіру номері) болуы тиіс.

Қазақстан Республикасына келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, акционер Қазақстан Республикасында тұратын адамға сенімхат рәсімдеп, оны почтамен жолдай алады. Сенім берілген адам тұрғылықты жері бойынша тиісінше ұйымдарға акционердің акцияларын сату үшін жүгінуі қажет.

Есептесу ұлттық валюта – теңгемен жүргізілетінін қаперлеріңізге береміз.

ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларын сатып алу процедурасы бойныша толық ақпаратты ҚМГ БӨ корпоративтік сайтынан (Артықшылықты акцияларды сатып алу ұсынысы) http://kmgep.kz/rus/investor_relations/offer_for_redemption_of_prefer/ сілтемесін басу арқылы оқи аласыздар. 

 

Байланыс үшін ақпарат

«SkyBridge Invest» АҚ, брокерлік қызмет көрсету + 7 727 331 33 50, ішкі нөмері 318

 

«Қазпочта» АҚ, +7 7172  61 16 99, ішкі нөмері 1144

 

 «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, + 7 7172 97 75 79, e-mail: ir@kmgep.kz

 

Наверх