Ақпараттық хабарлама

16 сәуір, 2019

«ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ KASE-тен артықшылықты акциялардың ерікті делистингі туралы шешімнің қабылданғанын және «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 27-бабының қолданылу кезеңі басталғанын хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Қоғам») 2019 жылғы 11 сәуірде Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-тан (KASE) Қоғамның артықшылықты акцияларын біржола алып тастау (ерікті делистинг) туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Қоғам артықшылықты акциялардың делистингі 2019 жылғы 14 мамырда өтеді деп жоспарлап отыр.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы негізінде, егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, шешім қабылдауға қарсы дауыс берсе, ол осы шешім қабылданған күннен бастап, отыз күн ішінде, 2019 жылдың 13 мамырына дейін (қоса алғанда) Қоғамға Қазақстан Республикасы, 010000 г. Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр д-лы, 17 мекенжайы бойынша жазбаша өтініш жіберу арқылы Қоғамға өзіне тиесілі акцияларды (жай және/немесе артықшылықты) сатып алу туралы талап қоюға құқылы. Тиісінше, жай және артықшылықты акцияларға қатысты, сатып алу бағасы акционерлердің жалпы жиналысы 2008 жылғы 23 қаңтарда бекіткен, 2018 жылғы 22 қаңтарда және 2008 жылғы 11 шілдеде енгізген өзгерістермен, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ акцияларды сатып алғанда, Қоғамның олардың құнын белгілеу әдістемесіне («Әдістеме») сәйкес белгіленетін болады.

Әдістеменің мәтінін келесі сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: http://kmgep.kz/uploads/files/Metodika_11.07.2018.pdf

Наверх