Ақпараттық хабарлама

13 тамыз, 2014

ҚМГ БӨ 7-ші  «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын өткізіп жатыр 

13 тамыз 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында 7-ші  «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын өткізіп жатқанын хабарлайды. Биыл байқау 13-15 тамыз аралығында Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында өтіп жатыр. Байқауға «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС сияқты  ҚМГ БӨ-нің еншілес және бірлескен кәсіпорындарынан 56 қызметкер қатысуда. Олар – әрбір кәсіпорында алдын-ала өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары. Кен орнында тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арнайы жұмыс орындары, құрылғылар мен құрал-жабдықтар дайындалған.

Байқау 10 мамандық бойынша өткізіледі: мұнай мен газды өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнайды дайындау операторы (тауар операторы), қабат қысымын қадағалау операторы, ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы (бригада), мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу слесарі, газ-электр дәнекерлеушісі, токарь, электромонтер (бригада), химиялық сараптама лаборанты. Байқау теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады. Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөледі.

Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алады. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылардың жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.

ҚМГ БӨ өндіріс бойынша Басқарушы директоры Қуанышбай Нұрғалиев байқаудың ашылу салтанатында былай деді: «Бірлік пен өзара сыйластықтың белгісіне айналған бұл байқау жыл сайын бәрімізді қанаттандырады, жетістіктерге жетелейді. Дәстүр бойынша, байқау еншілес компанияларда кезекпен өткізіледі. Осының арқасында мұнайшылар өзге кәсіпорындардағы жағдайды көріп, өз қызметімен салыстырып, ой түйіп, нәтижесінде өзінің жұмысын жақсарта алады».

Байқау бағдарламасынан тыс қатысушылар үшін Атырау қаласында және қайықпен серуен, облыстық өлкетану мұражайына бару жоспарланған.

Байланыс ақпараты:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жұлдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz 

Уздик маман_KAZ.PDF (190 Кб) Көшіріп алу
Наверх