Ақпараттық хабарлама

26 қыркүйек, 2014

Компанияның 10 жылдығына орай ҚМГ БӨ қызметкерлері 28 Батыр-Панфиловшылар шыңына көтерілді

26 қыркүйек 2014 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 10-жылдығына орай орталық аппарат қызметкерлерінен құралған команда 28 Батыр-Панфиловшылар шыңына шықты.

13 адамнан тұратын топты бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Қайырбек Елеусінов бастап барды. Биіктігі 4120 метр болатын 28 Батыр-Панфиловшылар шыңына жету үшін қызметкерлер тобы екі күн жол жүрді.  Бірінші күні олар 3100 метр биіктіктегі Мыңжылқы үстіртіне жетті. Екінші күні таңертең, қар аралас желге қарамастан ҚМГ БӨ қызметкерлері 3800 метр биіктіктегі Мәншүк Мәметова мұздығына жетті.

28 Батыр-Панфиловшылар шыңына алты адам шықты: Ернұр Сәбикенұлы, Динара Жанет, Айдын Акан, Амангуль Жайлыбаева, Сабина Мұқан және Айгүл Мұстафина.

«Біздің қасымызда Эверест пен Эльбрус шыңдарына шыққан кәсіби альпинистер болды. Мен солардан қалмауға тырысамын деп шыңға біздің топтың ішіндегі алғашқысы болып шығып алдым. Әріптестерімді шыңда отырып күтуге тура келді, биіктікте көп уақыт өткізгендіктен тау ауруы басталды. Дегенмен, тау шыңындағы сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, тіпті ең сапалы деген фотосуреттер де қар басқан таулардың әсемдігін жеткізе алмайды»,-дейді ҚМГ БӨ қызметкерлерінің ішінен бірінші болып шыңға көтерілген Ернұр Сәбикенұлы.

28 Батыр-Панфиловшылар шыңына шыққан қызметкерлер Қазақстан Республикасы альпинизм және шыңға өрмелеу федерациясының «Қазақстан альпинисті» белгісіне ие болды.

Байланыс ақпараты:
«ҚМГ БӨ» АҚ Жұртшылықпен байланыс  (+7 7172 97 7915)
Жулдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz

Информ сообщение_восхождение_каз.pdf (264 Кб) Көшіріп алу
Наверх