Ақпараттық хабарлама

26 қыркүйек, 2014

Қызылорда қаласында ҚМГ БӨ ұжымдарының ІII Спартакиадасы аяқталды

26 қыркүйек 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ", «Компания») ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді компаниялары ұжымдарының арасындағы III Спартакиаданың аяқталғанын хабарлайды.

Спартакиада нәтижелері төмендегідей:

«ҚазГерМұнай» БК ЖШС құрамасы волейбол (әйелдер, ерлер), баскетбол (ерлер), тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, суға жүзу сияқты спорт түрлерінен бірінші орынға ие болды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ шахмат пен қазақша күрестен жеңімпаз атанды.

«Ембімұнайгаз» АҚ мини-футболдан, арқан тартудан, үлкен теннистен үздік нәтиже көрсетті.

Осылайша, жалпы құрамалық есепте 1 орынды спартакиаданың қожайындары — «ҚазГерМұнай» БК ЖШС алды, 2 орынды — «Өзенмұнайгаз» АҚ, 3 орынды - «Ембімұнайгаз» АҚ.

Айта кету керек, жалпы ұпайларды есептегенде әрбір құрама команданың спорттың барлық түрлерінен жинаған ұпайлары саналды. Сондықтан, ӨМГ құрамасы бірінші орынды жеңіп алған спорт түрлерінен ЕМГ-ден ұтылса да, жалпы ұпай бойынша екінші орынға шықты.

Бұған дейін хабарланғандай, спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы», ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Урал Ойл Газ» ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері" ЖШС құрама командалары қатысты — Астана, Орал қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан барлығы 300-ден астам мұнайшы жиналды.

Бес күн бойы мұнайшылар волейбол, баскетбол, мини-футбол, үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, қазақша күрес пен тоғыз құмалақ сияқты спорт түрлерінен сайысты.

 

Байланыс ақпараты:

«ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)

Жұлдыз Джумадилова

e-mail: pr@kmgep.kz

Наверх