Ақпараттық хабарлама

29 қыркүйек, 2014

Ембілік мұнайшы саладағы «Еңбек ардагері» медалін алғашқы алушы болды

29 қыркүйек, 2014 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) мұнай дайындау және жөнелту операторы Қазанқап Мұқашев 26 қыркүйекте Астана қаласында өткен «Жалпыға ортақ  еңбек қоғамы» бірінші республикалық форумында «Еңбек ардагері» медалін алған  саладағы алғашқы және әзірге жалғыз мұнайшы болды.

Қазанқап Мұқашев 40 жылдан астам уақыт бойы Атырау  облысының кәсіпшіліктерінде мұнай дайындау және жөнелту жөніндегі оператор болып  жұмыс істеді. Соңғы жылдары «Жайықмұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасының С. Балғымбаев кен орнындағы № 1 цехта шебер  болып жұмыс істейді. Қазанқаптың әкесі Тынышқали  да өмір бойы осы салада – Атыраудағы Байшонас кен орнында мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып жұмыс істеді. Финдермен болған соғыс пен Ұлы Отан соғысына қатысты.  

- Әрине, менің де мақсаттарым болды, бірақ мен әкемнің жолын қууды ұйғардым, Иә, оңай жұмыс емес, бірақ маған ұнайды. Менің Майданбек Нұрғалиев, Жұмақұл Райымбергенов, Қазира Сүйінғариева және Шәпик Қойтанов сынды жақсы баулушыларым болды. Қазір де менің оқушыларым деп айтуға болатын операторлар Нұрсейіт Қойтанов, Бисембай Даутов, слесарь Мәлік Үмбетов сияқты жақсы жас жігіттер бар. Ең бастысы, адал, шынайы еңбек ету, техника қауіпсіздігін сақтау. Қиыншылық әрине болады, бірақ адам бәрін де жеңеді - деді Қазанқап Мұқашев.  

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, «Еңбек ардагері» медалі экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін қызметкерлер мен зейнеткерлік жасқа жеткен, 40 жылдан астам жұмыс стажы бар, оның ішінде  кемінде 10 жыл бір салада еңбек еткен және еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттауға арналған бірден бір ведомстволық награда болып табылады.

«Қоғамға жалпыға бірдей еңбек» форумында  «Еңбек ардагері» медалімен түрлі салаларда, оның ішінде мұнайгаз саласында Қазақстанның экономикасын дамыту мен нығайтуға қомақты үлес қосқан өз ісінің нағыз шеберлері марапатталды. 

Форумда сөз сөйлеген Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменттің директоры Бақдәулет Төлеген  біздің компанияда құрметтеуге лайық қызметкерлер көп, жыл сайын біз  Үздік маман–атты кәсіби шеберлік байқауын  өткіземіз. Оған 10 мамандық бойынша біздің еншілес компанияларымыздың озық өкілдері қатысады. Олар мұнай және газ өндіру операторлары, слесарлар, токарлар, электрмонтерлері, ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары. Бізде Ең үздік атағы үшін нағыз тартыс өтеді, өйткені Еңбек Адамы болу,  өз мамандығыңда ең үздік болу біздің ұжымымызда абыройлы әрі құрметті.


Ақпараттық байланыс:

«ҚМГ» БӨ» АҚ, жұртшылықпен байланыс  департаменті  (+7 7172 97 79 08)

Елена Пак

e-mail: pr@kmgep.kz 

Наверх