Ақпараттық хабарлама

13 қаңтар, 2015

«Ембімұнайгаз» АҚ-да бас директор ауысты

13 қаңтар 2015 жыл, Атырау қ. «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ», «Компания») директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның бас директоры болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ бас геологы, геология бойынша басқарушы директоры қызметін атқарған Құрманғазы Есқазиев тағайындалды.

Бас директор қызметін атқарған Махамбет Досмұхамбетовтың өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Махамбет Досмұхамбетов қызмет еткен уақыт аралығында біздің еншілес компаниямыз «Ембімұнайгазда» мұнай өндіру жоспары орындалып отырды, ілеспе газды залалсыздандыру бойынша бірнеше қондырғы орнатылды, 2014 жылы «Ембімұнайгаздың» ұжымдық шарты «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының сыйлығына ие болды, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, ЕМГ директорлар кеңесінің төрағасы  Абат Нұрсейітов. – Құрманғазы Есқазиев – өндірісте тәжірибесі мол білікті басшы. Оның алдында мұнай өндірісі жоспарын орындау, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, экологиялық талаптарды бұлжытпай орындау, инновациялық технологияларды енгізу және еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттер тұр.

Анықтама

Қ. Есқазиев 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Мұнай факультетін тәмамдаған. 2006 жылы Томск политехникалық университетін Геология-минералогиялық ғылымдар кандидаты квалификациясын алып бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде бастаған. 2004-2008 жылдар аралығында ҚМГ БӨ компаниясында геология және игеру департаменті директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған. Бұдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мен газды өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар бойынша басқарушы директор, бас геолог қызметтерін атқарған.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да бас директор ауысты (370 Кб) Көшіріп алу
Наверх