Ақпараттық хабарлама

16 маусым, 2015

ҚМГ БӨ жас мамандары инновациялық жобаларды  өндіріске енгізудің алғашқы қорытындыларын шығарды

16 маусым 2015

2015 жылдың 11-12 маусым күндері «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») жас мамандар кеңесінің Компания қызметіндегі атқаратын роліне арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан ҚМГ БӨ-нің 18 еншілес және тәуелді ұйымдарының өкілдері қатысты.

2014 жылы өткен инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары өз жобаларының өндірісте пайдаланылуының алғашқы нәтижелері жайлы баяндады. Былтырғы байқаудың шарты бойынша, түрлі номинациялардағы ( геология және геофизика, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, кен орындарын игеру, қаржы және тағы басқа) инновациялық жобалардың жеңімпаздары бір жылдың ішінде өз жобаларын өндіріске енгізуі керек болатын.

Мысалы, жоғары температуралы қабатта полимерлі суландыру арқылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС Нұралы кен орнының мұнай өндірісін арттыру жобасының авторы Нариман Абжанов, сынақ учаскесінде аталған технологияны енгізудің арқасында мұнай өндіру 10 айдың ішінде 15 мың тоннаға артқанын хабарлады. Жоба, сонымен қатар, аталған учаскеде суланудың азаюына септігін тигізген.

«Ембімұнайэнерго» басқармасының еңбек және қоршаған ортаны қорғау инженері Айбек Бисеновтің жобасы былтыр қауіпсіздің техникасы бойынша үздік деп танылған – жас маман өзі түсіріп, монтаждаған  техника қауіпсіздігі туралы фильмді ұсынған болатын.  Қазір бұл фильм компания қызметкерлеріне де, жаңадан қабылданған мамандарға да үнемі көрсетіліп тұрады. Жоба авторының айтуынша, фильм  қызметкерлердің теориялық білімін тағы бір пысықтап, тәжірибеде қауіпсіздік техникасын қалай сақтау керектігін көрсетеді. Бұған қоса, 2014 жылы «Ембімұнайэнерго» электр монтерларының бригадасы «Үздік маман» байқауында 1 орынды иеленді, бұл да жобаның жанама нәтижесі, себебі кәсіби шеберлік байқауында бағаланатын басты көрсеткіш – қауіпсіздік техникасын сақтау. 

- Компания ретінде біздің мақсатымыз білім деңгейі мен тәжірибесі әртүрлі жастардың тіл табысуына жағдай жасап, олардың күш-қуатын корпоративтік мәселелерді шешуге бағыттау, - дейді ҚМГ БӨ қызметкерлерді басқару және дамыту жөніндегі басқарушы директоры Ботагөз Әшірбекова.  – Бұл жүйелі жұмыс – болашақта олар өз тәжірибесімен  жаңадан келген қызметкерлермен бөліседі. Жастардың потенциалы көп, бүгінгі жас мамандар кеңесінің қатарында болашақ сала басшылары бар екеніне күмәнім жоқ.

Жас мамандардың алдында көлденең ұңғымаларды бұрғылаудың заманауи технологиялары мен геологиялық барлау саласындағы жаңалықтар бойынша Shlumberger компаниясының өкілдері баяндама жасады.  SPE мұнайшылар қоғамының өкілі қоғамның Астана қаласында және Қазақстан аумағында жасап жатқан қызметі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, жас мамандар кеңесінің жиынында компанияның болашақта даму жолдары туралы пікірталас өтті.

Анықтама

Жас мамандар кеңесі ҚМГ БӨ орталық аппараты мен 12 еншілес ұйымында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жастар қозғалысының мақсаты – жастардың компания қызметіне белсене араласуына серпін беру: компанияның өндірістік және стратегиялық мәселелерін шешуге араластыру, жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыда дамуына  мүмкіндік беру, жас мамандарда корпоративтік құндылықтардың қалыптасуына түрткі болу, ҚМГ БӨ компаниялар тобының мақсаты мен стратегиясына сәйкес жастардың ғылым, техника және өндірісті басқару істерінде шығармашылық потенциалын ашу және оның дамуына жағдай жасау.

Байланыстық ақпарат:
Жұртшылықпен байланыс департаменті: pr@kmgep.kz
Елена Пак +7 (7172) 97 79 08
Жулдыз Джумадилова +7 (7172) 97 79 15

ҚМГ БӨ жас мамандары инновациялық жобаларды өндіріске енгізудің алғашқы қорытындыларын шығарды (231 Кб) Көшіріп алу
Наверх