Ақпараттық хабарлама

11 тамыз, 2015

ҚМГ БӨ кәсіби біліктілік байқауы Маңғыстау облысында, Өзен кен орнында өтеді

Астана, 11 тамыз 2015 жыл.  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында 8-ші  «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын өткізіп жатқанын хабарлайды. «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС компанияларының 58 қызметкері үздік маман атануға тырысады. Биылғы жылы «КРУЗ» ЖШС мамандары алғаш рет байқауға қатысады.

Байқау 11 мамандық бойынша өткізіледі: мұнай мен газды өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнайды дайындау операторы (тауар операторы), қабат қысымын қадағалау операторы, ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы (бригада), мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу слесарі, газ-электр дәнекерлеушісі, токарь, электромонтер (бригада), химиялық сараптама лаборанты, автоматика және бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарі. Байқау теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады. Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөледі.

Биыл байқау «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік базасында өткізіледі. Тапсырмаларды орындау үшін Өзен кен орнында қажетті қондырғылармен жабдықталған арнайы полигон ұйымдастырылды.

Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алады. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылардың жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.

«Еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері бұл байқауға жыл бойы дайындалады. Білімі мен тәжірибесін жетілдіріп, жұмысын жақсартуға тырысады. Себебі: байқау әр қызметкерге өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жұмыскерлердің жеңіске деген талпынысы компания қызметінің сапасын жақсартады. Бұл байқау мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтереді. Олар – компанияның беткеұстар мамандары. ҚМГ БӨ компаниясының биылғы күнтізбесі «Үздік маман» жеңімпаздарына арналған. Біз өз ісінің хас шеберлерін қаншалықты құрметтейтініміз осыдан-ақ білінеді»,- деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының орынбасары Қайырбек Елеусінов.

Байланыс ақпараты:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жұлдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz


ҚМГ БӨ кәсіби біліктілік байқауы Маңғыстау облысында, Өзен кен орнында өтеді (267 Кб) Көшіріп алу
Наверх