Ақпараттық хабарлама

14 желтоқсан, 2015

ҚМГ БӨ бас директоры ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды

Астана, 14 желтоқсан 2015 ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев  «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақордада»  сыйлықты беру рәсімі өтті. Мемлекеттік сыйлықты циклді жұмыстың тең авторлары Орал Ақшолақов, Герой Жолтаев, Пётр Коврижных, Балтабек Қуандықов және Евгений Огай алды.

Екі жылда бір рет берілетін әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық қоғам мен мемлекет алдындағы ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегін жоғары бағалау болып табылады. Бұл марапаттар кең бұқаралық тұрғыдан танылған фундаментальдық және қолданбалы зерттеулер, ғылыми ашылулар, ғылыми жаңалықтар саласындағы үздік нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Биылғы жылы осындай 26 ғылыми еңбек келіп түскен. Үш кезеңдік жіті сараптау талдау және кең қоғамдық талдау негізінде комиссия жеті жұмысты ұсынды. Қазақстан Республикасы Президенті Мемлекеттік сыйлықты беру туралы Жарлыққа 2015 жылдың 3 желтоқсанында қол қойды.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ бас директоры ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (262 Кб) Көшіріп алу
Наверх