Ақпараттық хабарлама

28 сәуір, 2016

Eni S.p.A. компаниясымен кездесу

27 сәуір 2016 ж., Астана қ. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі ҚМГ БӨ, Компания) бас директоры Құрманғазы Есқазиев Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Eni S.p.A. компаниясының аға вице-президенті – барлау және өндіру бойынша бас директоры Антонио Велламен кездесті.

Кездесуге Eni S.p.A. компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті Даниелле Берторелли және Қашаған және Қарашығанақ жобалары бойынша басқарушы директоры Лука Виньятти қатысты.

Антонио Велла Құрманғазы Есқазиевты ҚМГ БӨ бас директоры лауазымына сайлануымен және «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу»  тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық - жоғары марапатын алуымен құттықтады. 

Кездесу барысында әріптестер ҚМГ БӨ және Eni  екіжақты өзара тиімді қарым-қатынас ынтымақтастығының келешегі жайында, атап айтқанда,  барлау және өндіру саласындағы жаңа технологиялар, қызметкерлерді басқару және мамандар әлеуетін дамыту, сондай-ақ  HR қызметі жұмыскерлері арасында  тәжірибе алмасу туралы талқылады. Бұдан басқа, тараптар корпоративтік басқаруды жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Анықтама: Eni S.p.A. – әлемнің 70 елінде бизнес жүгізіп отырған халықаралық компания. Компанияда 76  мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Компания акциялары Милан және Нью-Йорк (NYSE) қор биржаларында айналымда. Eni компаниясының үш негізгі бағыты: көмірсутегін барлау және өндіру, газ және электроэнергетика, мұнай өңдеу және сату.

Eni S.p.A – вертикальді ықпалдастырылған  мұнайгаз компаниясы зерттеу және игеру, мұнайды тасымалдау және игеру, базалық май және қоспа өндірісі және  блендинг және тауарлық  майды бөлшектеп өлшеу толық циклі бойынша жұмыс істейтін аздың бірі.

ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 152 млн. тоннаны (1 115 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Eni S.p.A. компаниясымен кездесу (227 Кб) Көшіріп алу
Наверх