Ақпараттық хабарлама

26 мамыр, 2016

Дәулетжан Хасанов ҚМГ БӨ басқарма мүшесі болып сайланды

26 мамыр 2016, ж. Астана. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі «ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің шешімімен ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасановтың Компания басқармасының мүшесі болып, басқарманың жалпы өкілеттік мерзіміне сайланғаны туралы хабарлайды.

Бұдан басқа, 2016 жылдың 19 сәуірінен бастап Компания бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобасы бойынша орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарып отырған Қайырбек Елеусінов ҚМГ БӨ басқармасы құрамында өз позициясын сақтап қалды. 

2016 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ басқармасының құрамы:

  • Құрманғазы Есқазиев – бас директор (басқарма төрағасы);
  • Дәулетжан Хасанов – ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары– «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры;
  • Қайырбек Елеусінов – «ҚМГ БӨ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобасы бойынша орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары;
  • Дастан Абдулғафаров – бас директордың экономика және қаржы бойынша орынбасары;
  • Шейн Дрейдер – қаржы  директоры-қаржылық бақылаушы.

Анықтама
ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» АҚ   100% акциясына иелік етеді.  Компания 2012 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалынан акционерлік қоғам болып қайта құрылу жолымен құрылды. ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Дәулетжан Хасанов ҚМГ БӨ басқарма мүшесі болып сайланды (166 Кб) Көшіріп алу
Наверх