Ақпараттық хабарлама

13 маусым, 2016

ҚМГ БӨ екі еншілес мұнайсервистік компаниясын біріктіреді

13 маусым 2016 ж.,  Астана қ. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің ҚМГ БӨ еншіліс компаниялары «Жөндеу» ЖШС және «КРУЗ» ЖШС-ын «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ына біріктіру шешімі туралы хабарлайды. Кәсіпорындардың біріктірілуі еншілес компанияларды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

- Ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша ұқсас қызметтер жүргізетін біздің еншілес кәсіпорындарды біріктіру, бірлескен мұнайсервистік компаниялардың бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және еліміздің басқа өңірлеріне шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп атап айтты ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев. – Маңыздысы, бұл екі компанияның біріктірілуі қазіргі уақытта онда жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді қысқартуға әкеліп соқтырмайды. «КРУЗ» ЖШС және «Жөндеу» ЖШС кәсіподақтары бұл шешімді қолдайды, өйткені, кәсіпорындардың біріктірілуі қосымша жұмыс көлемін алуға және компанияның нарықтағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарды біріктіру бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді есепке алғанда, «КРУЗ» ЖШС және «Жөндеу» ЖШС біріктіру 2016 жылдың 1 қазанына қарай аяқталуы тиіс деп болжануда. Кейіннен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-ны акционерлік қоғам ретінде қайта құру жоспарлануда, бұл кәсіпорынға қажетті дербестікті беруге мүмкіндік береді, менеджменттің қажетті жауапкершілігін, сондай-ақ корпоративтік басқару талаптарына сәйкестілігін және ашықтықты қамтамасыз етеді.   

Кәсіпорындарды біріктіру 2015 жылы жүргізілген, нәтижесінде «Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-ға «Кендірлі Құрылыс»ЖШС және «Жол-Сервис» ЖШС біріктірілген,  құрылыс компанияларын қайта құрылымдау үйлестігі бойынша жүргізіледі.

Анықтама:            
«Жөндеу» ЖШС 1998 жылдың тамызында құрылды және ҚМГ БӨ-нің 100%-дық еншілес ұйымы болып табылады.  «КРУЗ» ЖШС 1997 жылдың қазанында құрылды және ҚМГ БӨ-нің 100%-дық еншілес ұйымы болып табылады. Екі кәсіпорында Маңғыстау облысында Өзен кен орнында пайдаланымдағы ұңғымаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 

ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс қызметі:
Елена Пак  (+7 7172 97 79 08)
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ екі еншілес мұнайсервистік компаниясын біріктіре (207 Кб) Көшіріп алу
Наверх