Ақпараттық хабарлама

11 шілде, 2016

ҚМГ БӨ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

Астана, 2016 ж. 11 шілде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») Директорлар кеңесінің шешімімен ҚМГ БӨ Басқармасының құрамына 2018 жылдың 22 қыркүйегіне дейін мерзімге басқарма уәкілеттігіне бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Бекзат Абайылданов пен еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директор Мәлік Сәлімгереевтің кіргенін хабарлайды.

2016 жылдың 7 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚМГ БӨ басқармасының құрамы:

  • Құрманғазы Есқазиев, бас директор (басқарма төрағасы);
  • Бекзат Абайылданов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Дәулетжан Хасанов, ҚМГ БӨ бас директорының орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры;
  • Қайырбек Елеусінов, бас директордың «Өзенмұнайгаз» АҚ жобасы жөніндегі орынбасары;
  • Мәлік Сәлімгереев, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директор;
  • Дастан Абдулғафаров, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
  • Шейн Дрейдер, қаржылық директор – қаржылық бақылаушы.

Бекзат Абайылданов Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Мысырдағы Халықаралық университетті (Менеджмент және маркетинг негіздері) аяқтады, «Мұнайгаз бизнесін басқару» әкімшілік ісінің мастері бойынша, И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ тәмәмдауда. «Каспий Мұнай» АҚ-ның, «Матин» БК ЖШС-ның, «Арнаойл» ЖШС-ның және басқа да кәсіпорындардың бас директоры, «Өзенмұнайгаз» ӨФ қаржы департаментінің директоры болып, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

Мәлік Сәлімгереев И.М. Губкин атындағы Мәскеудің мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын және Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы геология институтының аспирантурасын аяқтады, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі бас директоры, мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі дирекцияның директоры, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін, «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарын, сондай-ақ «Қазақойл-Ембі» АҚ-да, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-та, ҚазҒЗЖИмұнайда, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да және басқаларда әр түрлі басқару қызметтерін атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» АҚ 100% акцияларының иегері. Компания 2012 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен құрылды. ҚМГ БӨ 2015 жылдың қортындылары бойынша Қазақстандағы мұнай өндіру бойынша үш көшбасшының бірі болып табылады. Компанияның өндіру көлемдері «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазахстан Инк.» компанияларындағы үлестерін қоса алғанда 2015 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің дәлелденген және болжалды қорлары бірлескен кәсіпорындардағы үлестерін қоса алғанда 2015 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррельді) құрады. Компанияның акциялары Қазақстандық Қор Биржасында, ал жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО барысында Компания 2 млрд. АҚШ долларынан астам қаражат тартты.

Байланыс ақпараттары
«ҚМГ» БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды (138 Кб) Көшіріп алу
Наверх