Ақпараттық хабарлама

29 тамыз, 2016

ҚМГ БӨ «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын 9-шы рет өткізді

29 тамыз 2016 жыл. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) еншілес және бірлескен ұйымдарында «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының 9-шы рет өткізілгені туралы хабарлайды. Байқау 2016 жылдың 25 мамырынан бастап 19 тамызы аралығындағы кезеңде «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай»БК» ЖШС,  «Қаражанбасмұнай» АҚ,  «Тұлпар Мұнай Сервис»ЖШС, «Кен-Қурылыс Сервис» ЖШС,  «Жөндеу» ЖШС,  «КРУЗ» ЖШС,  «Argymak TransService» ЖШС мекемелерінде өтті.

89 жұмыскер байқау жеңімпазы атанды, олардың барлығы да «Үздік маман-2016» медалінің иегері болды. Барлық жеңімпаздар жұмыс орындары бойынша жалақысына жыл бойына қосымша ақы алады.

Марапаттарды тапсыру салтанаты ҚМГ БӨ Орталық аппаратында бас директор Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлының және Компания басшылық өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Компания жұмыскерлері бұл байқауға жыл бойына дайындалады. Білім деңгейлерін арттыруға күш сала отырып, еңбек тиімділігін нығайтуға тырысады. «Үздік маман» байқауы әрбір жұмыскердің өз кәсіби шеберлігін көрсетуге айрықша мүмкіндік.  Бұл байқау мұнайшы мамандығының мәртебесі мен беделін арттырады», - деп атап айтты бас директор Қ. Есқазиев.

Байқау теориялық және тәжірибелік бөлімнен тұрады. Қорытындылау барысында комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін ұстануына, тәжірибелік тапсырманы орындау уақыты мен сапасына, теориялық дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлді.

Байқау жеңімпаздары жекелеген мамандықтар бойынша, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ деңгейінде өтетін кәсіби шеберлік байқауына қатысатын болады. ҚМГ БӨ басшысы алдағы болатын сайыстарға қатысушы қызметкерлерге сәттіліктер тіледі.

Байқау жеңімпаздарына арналған салтанатты шарадан басқа қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялық саяхат, «Астана-Бәйтерек» монументінде болу, Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу және басқа да шаралар қарастытырылды. 

Байланыс ақпараты:
Бақдаулет Төлеген
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7887)
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын 9-шы рет өткізді (161 Кб) Көшіріп алу
Наверх