Ақпараттық хабарлама

21 қазан, 2016

Мүдделілік бар мәміленің жасалғаны туралы ақпарат 

Астана, 21 қазан 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») мүдделілік бар мәміленің жасалғаны туралы ақпаратты хабарлайды:

1) Акционерлік қоғам органының мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні: 19 қазан 2016 жыл.

2) Мәміленің негізгі маңызды шарттары:

- № 109-27//96-2016  30.03.2016ж қолданыстағы келісімшарт-тапсырыс негізінде, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ атынан және мүддесінде,   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС арасындағы  мұнай қайта өңдеуге өнімдер сатып алу туралы Келісімшарт.

3) Мәміле бекітілген күн: 20 қазан 2016 жыл.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыс үшін ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

Мүдделілік бар мәміленің жасалғаны туралы ақпарат (201 Кб) Көшіріп алу
Наверх