Ақпараттық хабарлама

23 маусым, 2017

«Эни СпА» компаниясымен аффилирленген «Аджип Қарашығанақ Б.В.» компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум

23 маусым 2017 жыл. Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында Италия Республикасының павильонында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») «Эни СпА» компаниясымен аффилирленген «Аджип Қарашығанақ Б.В.» компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және «Аджип Қарашығанақ Б.В.»-дан сенімхат негізінде «Эни СпА» барлау және өндіру бойынша бас директор Антонио Велла қол қойды.
Аталған құжат бойынша тараптар барлау және көмірсутегін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Оның ішінде, тараптар озық тәжірибе және ноу-хау алмасуды қоса алғанда, геологиялық барлау және көмірсутек өндіру саласы бойынша технологиялық ынтымақтастықтың негізгі ықтимал бастамаларын анықтауға талпынатындықтарын білдірді. Осы мақсатта тараптар геологиялық және өндірістік процестерді талдау мен зерттеулердің нәтижелерін  зерттеуге   бағытталған консультациялар жүргізуге ниетті.
Меморандум бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндігін зерттеуді қарастырады.Мұндай жобалар анықталған жағдайда, тараптар ортақ мүдделер тепе-теңдігін көрсететін шартпен адал келіссөздер жүргізуге дайын.
Сондай-ақ құжаттағы маңызды тармақтың бірі ҚМГ БӨ компаниялар тобының жұмыскерлері үшін тренингтер бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады. Атап айтқанда, Эни СпА «Қызметке кіріспе, барлау және өндіру саласындағы  Эни СпА үздік тәжірибесі» дайындалған бағдарламасына сәйкес оқыту курстарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Бұдан бұрын, 2017 жылдың 5 маусымында  ҚМГ БӨ және Эни СпА өзара ынтымақтастығы аясында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 12 қызметкері Миланда Эни СпА корпоративтік университетінде тренингтің алғашқы кезеңін тәмәмдады.
Қазақстандық мұнайшылар алты ай бойы геология және геофизика, техника қауіпсіздігі, мұнай кен орындарын игеру, өндіру, бұрғылау, ұңғымаларды айдау және күрделі жөндеу кәсіби салалары бойынша оқыды. ӨМГ бір топ қызметкері оқуды Эни СпА өндірістік нысандарында тәжірибе өтумен тәмәмдайды.
«Бүгінгі Меморандумның маңызды бөлігі  - бұл Эни СпА компаниясының базасында ҚМГ БӨ компаниялар тобы жұмыскерлері үшін тренингтер бағдарламаларын жалғастыру жөніндегі біздің ниетіміз болып табылады. Яғни, басқа да оқу топтары болады деп жоспарлануда, бірақ ол қазақстандық тараптың есебінен»,- деп атап айтты Меморандумға қол қою рәсімінен соң сөйлеген сөзінде ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев.
Өз кезегінде «Эни СпА» барлау және өндіру бойынша бас директор Антонио Велла  қазақстандық компаниямен мықты әріптестік қарым-қатынасқа үлкен қызығушылығын білдірді.   

АНЫҚТАМА:

Eni S.p.A. – әлемнің 70 елінде бизнес жүгізіп отырған халықаралық компания. Компанияда 76  мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Компания акциялары Милан және Нью-Йорк (NYSE) қор биржаларында айналымда. Eni компаниясы қызметінің үш негізгі бағыты: көмірсутегін барлау және өндіру, газ және электроэнергетика, мұнай өңдеу және сату. Eni S.p.A – вертикальді ықпалдастырылған  мұнайгаз компаниясы зерттеу және игеруді қоса алғанда, мұнайды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу, базалық май және қоспа өндірісі және  блендинг және тауарлық  майды бөлшектеп өлшеу толық циклі бойынша жұмыс істейтін аздың бірі.

 ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

 Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7887)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

«Эни СпА» компаниясымен аффилирленген «Аджип Қарашығанақ Б.В.» компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум (185 Кб) Көшіріп алу
Наверх