Ақпараттық хабарлама

03 шілде, 2017

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Астана, 3 шілде 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де («ҚГМ») жаңа басшының сайланғаны туралы хабарлайды. 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен ҚГМ бас директорының бірінші орынбасары Кәрім Медеттің өкілеттіктері мерзімнен бұрын тоқтатылды. Оның орнына бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті қызметін атқарған Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Қаражанбасмұнай» АҚ Президентінің міндетін коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент Бауыржан Баймулдинов уақытша атқарады.

Анықтама:

Есен Қайыржан 1962 жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары лауазымына сайланғанға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды, сондай-ақ «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Южнефтегаз» МАҚ компанияларында, «Мангышлакнефть» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ-де жұмыс істеді. В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В. Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, «РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы» ЖКБ МБМ бітірді. 

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (124 Кб) Көшіріп алу
Наверх