Фотогалерея

12 қараша, 2015

Фотобанк

Құрметті журналистер!


Сіздерге ыңғайлы болуы үшін ҚМГ БӨ мұрағатындағы фотосуреттерді  осы папкаға салып қойдық. Егер фотосуреттердің бірі сізге жоғарғы сапада қажет болса, бізге төмендегі телефондар арқылы хабарласыңыздар: 97-79-15, 97-79-08, немесе хат жазыңыздар: pr@kmgep.kz

Фотосуреттерді пайдаланғанда олардың ҚМГ БӨ компаниясынан алынғанын атап өтулеріңізді сұраймыз.

27 қараша, 2014

Әлеуметтік постерлер

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясының 10 жылдығына арнап жасалған әлеуметтік постерлер. Ақпарат компанияның корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы қызметін қамтиды.

31 қазан, 2014

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еңбек ұжымдарының ІІI Спартакиадасы

2014 жылдың 22-26 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында, «КазГерМұнай» БК» ЖШС базасында ҚМГ  БӨ еншілес және тәуелді компаниялары ұжымдарының арасындағы III Спартакиада өтті. Спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы»,  ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Урал Ойл Газ» ЖШС,  «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» ЖШС құрама командалары  – Астана, Орал қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан барлығы 300-ден астам мұнайшы қатысты.  Бірінші орынды Спартакиада қожайындары - «КазГерМұнай» БК» ЖШС иеленді.

30 қазан, 2014

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» жас мамандардың екінші форумы

2014 жылдың 13 маусым күні Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобының  екінші жас мамандар форумы өтті. Форумға Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан ҚМГ БӨ-нің 11 еншілес компаниясының 70-ке жуық өкілі қатысты. Төрт күн бойы жас мамандар Компаниядағы өндірістік қызмет пен экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған жобаларын қорғады.

29 қазан, 2014

ҚМГ БӨ «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы - 2014

2014 жылдың 13-15 тамыз аралығында Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ  қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары және бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің жетінші «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС сияқты  ҚМГ БӨ-нің еншілес және бірлескен кәсіпорындарынан 56 қызметкер қатысты.

04 қыркүйек, 2013

ҚМГ БӨ «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы - 2013

2013 жылдың 28-тамызында ҚМГ БӨ еншілес ұйымдары және бірлескен кәсіпорындары қызметкерлерінің кезекті «Үздік маман» атағы үшін кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Байқау тамыздың 26-27 күндері Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнында Қазақстан Республикасының Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күніне, сондай-ақ «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-ның 20-жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілді. Байқауға ҚМГ БӨ-нің: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС еншілес ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарының 39 қызметкері қатысты.

26 тамыз, 2013

«Дала дарындары» шығармашылық байқауы, 24 тамыз 2013 жыл, Ақтау қаласы

2013 жылдың 24-тамызында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдар қызметкерлері арасында «Дала дарындары» атты шығармашылық байқауын өткізді. Байқау Қазақстан Республикасының мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күніне, сондай-ақ Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жылдығы мен Ақтау қаласының 50 жылдығына арналып ұйымдастырылып отыр.

21 тамыз, 2013

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еңбек ұжымдарының ІІ Спартакиадасы

2013 жылдың 19-тымызында Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ еңбек ұжымдарының ІІ Спартакиадасы басталды. Спорт сайысына Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облысы, Астана және Орал қалаларынан 400-ден астам мұнайшы қатысуда. «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, ҚМГ БӨ Жаңаөзен қаласындағы еншілес кәсіпорындары, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, ҚМГ БӨ Орталық аппарат (Инженерлік орталық, «Орал Ойл Газ», «Солтүстік Карповский», «ҚМГ БӨ Барлау активтері») құрама командалары бақ сынауда. Бес күн қатарынан (19-23 тамыз) құрама командалар шағын футбол, волейбол, жүзу, баскетбол, арқан тарту, тоғыз құмалақ, жеңіл атлетикалық эстафета, қазақша күрес және үстел теннисінен сайысқа түсуде. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ еңбек ұжымдарының І Спартакиадасы 2012 жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен болатын. Өткен жылы «Өзенмұнайгаз»АҚ командасы бірінші орынды иеленді.Биылғы жылы да спорт сайысына қатысушылардың ықыласы ерекше.

30 мамыр, 2013

«Менің арманым» сурет салу байқауы - 2013

ҚМГ БӨ Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы қызметкерлерінің балаларының арасында өткізілген «Менің арманым» сурет салу байқауының жеңімпаздары Астана қаласында.

02 сәуір, 2013

Кендірлі демалыс кешеніндегі сенбілік

30-наурыз күні «Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен және жас мұнайшылардың қатысуымен Кендірлі жағалауында сенбілік өтті.

Наверх