Баспасөз хабарламалары

05 қаңтар, 2018

ҚМГ БӨ ISS и Glass Lewis ұсынымдарын атап көрсетеді 

Астана, 05 қаңтар 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ» БӨ», «Компания») корпоративтік басқару саласындағы үздік консультативтік компаниялар - ISS (Institutional Shareholder Services) және Glass Lewis, өз есептерінде 2018 жылдың  22 қаңтарында өтетін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында («АКТЖЖ 1») ұсынылған шешімге «ИӘ» деп дауыс беруге ұсыным білдіргенін атап көрсетеді.

 ЖДҚ ұстаушыларына өз карточкаларын/нұсқамаларын АКТЖЖ 1 дауыс беру үшін Банк Депозитарийі арқылы мейлінше жедел қою ұсынылады және қандай жағдайда да олар АКТЖЖ 1 дауыс беру үшін тиісінше алынуы тиіс. Клиринг жүйесі үшін дауыс беру мерзімі – 2018 жылдың 12 қаңтары, алайда ЖДҚ ұстаушылары олардың кастодианына байланысты түрлі мерзімдерді иеленуі мүмкін. Тендерлік ұсыныстың негізгі даталары көрсетілген егжей-тегжейлі график 2017 жылдың 8 желтоқсанындағы Тендерлік ұсыныс Циркулярының 14-15 беттерінде мазмұндалған. 

Тендерлік ұсыныс ол сөзсіз немесе Нормативтік-анықтамалық ақпарат қызметі арқылы құлақтандыру жолымен ұзартылатын жағдайларды қоспағанда, 2018 жылдың 22 қаңтары болып табылатын жабылудың Алғашқы датасында сағат 15:00-де аяқталады. Осылайша,  ЖДҚ ұстаушыларына тендер шеңберінде өз ЖДҚ-ларын мейлінше жедел беру түбегейлі ұсынылады және қандай жағдайда да ЖДҚ осы дата мен уақыттан кешіктірілмей алынуы тиіс. 

ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс туралы егжей-тегжейлі ақпарат пен биржалық тізімнен шығару болжанған Циркуляр, мына сілтемес бойынша қолжетімді: https://www.kmgep.kz/kaz/investor_relations/tender_offer/  немесе Link Asset Services +44 371 664 0321 телефон номері бойынша қоңырау соғуға болады.

 Анықтама

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

 Контактная информация«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Deutsche Bank Trust Company Americas (+1 212 250 1305)
Дюэуа Брукс
e-mail: duewa.t.brooks@db.com  

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ ISS и Glass Lewis ұсынымдарын атап көрсетеді.pdf (265 Кб) Көшіріп алу
Наверх