Баспасөз хабарламалары

26 қаңтар, 2018

ҚМГ БӨ-нің 2017 жылдағы операциялық нәтижелері

Астана, 26 қаңтар 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды.

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2017 жылы  11 867 мың тонна (тәулігіне  240 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем.   

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 480 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға кем, бұл негізінен ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты.   «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 840 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 320 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға  кем.

 

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2017 жылы 3 547 мың тоннаны (тәулігіне 72 мың баррель) құрап, 2016 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2017 жылы 8 233  мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, оның ішінде 5 700 мың тонна (тәулігіне 113 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және  2 533 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 31 %-ын құрайды.  Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2016 жылы 41%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 2 533  мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) шикі мұнайдың 1 909 мың тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және  624 мың тоннасы (тәулігіне 12 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді. 

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2017 жылы мұнай өнімдерін сату 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.  Мұнай өнімдерін сату көлемі бойынша толық ақпарат төмендегі № 2-ші кестеде берілген.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 3 414  мың тонна мұнайды (тәулігіне 70 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 443 мың тонна мұнай (тәулігіне 28 мың баррель) экспортқа және 1 971 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің  58%-ын құрайды.

 

 Компанияның CCEL, ҚГМ және ПҚИ-дағы үлестерінде мұнай жеткізу құрылымы 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы мынадай болып өзгерді: жалпы сату көлемінен экспортқа жеткізу үлесі үлесі 50%-дан 42%-ға дейін төмендеді, ішкі нарыққа жеткізу үлесі 50%-ден 58%-ге дейін артты.

№1-кесте. 2017 жылдағы мұнай  өндіру және сату

 

 

мың. тонна

 

тәулігіне мың баррель

 

2016

2017

ж/ж, %

2016

2017

Мұнай өндіру көлемі

 

 

 

 

 

ӨМГ

5 555

5 480

-1%

112

111

ЕМГ

2 832

2 840

0,3%

57

57

 ӨМГ және ЕМГ жиыны

8 387

8 320

-1%

169

168

ҚГМ, 50%

1 468

1 400

-5%

31

30

CCEL, 50%

1 064

1 071

1%

19

20

ПҚИ, 33%

1 235

1 077

-13%

26

23

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

3 767

3 547

-6%

76

72

 Жалпы өндіру көлемі

    12 154

   11 867

  -2%

245

240

Шикі мұнайды сату көлемі

       

ӨМГ және ЕМГ

         

 ӨАС

2 797

3 412

22%

55

68

 КҚК

2 149

2 288

16%

42

45

Экспорт

4 946

5 700

15%

97

113

АМӨЗ

2 578

1 909

-26%

51

38

 ПМХЗ

881

624

-29%

17

12

 Ішкі нарық

3 459

2 533

-27%

68

50

ӨМГ және ЕМГ жиыны

8 408

8 233

-2%

165

163

Экспорт, %

59%

69%

 

   

Ішкі нарық, %

41%

31%

 

 

 

ҚГМ (50%)

   

 

 

 

Экспорт

434

250

-42%

9

5

Ішкі нарық

1 031

1 144

11%

22

24

 ҚГМ жиыны

1 465

1 394

-5%

31

29

CCEL (50%)

 

 

 

   

Экспорт

974

926

-5%

18

17

Ішкі нарық [1]

19

20

5%

0

0

CCEL жиыны

993

946

-5%

18

17

ПҚИ (33%)

 

 

 

   

Экспорт

424

267

-37%

9

6

Ішкі нарық

794

807

2%

17

17

ПҚИ жиыны

1 218

1 074

-12%

26

23

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

 

 

 

   

Экспорт

1 832

1 443

-21%

36

28

Ішкі нарық

1 844

1 971

7%

39

42

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

3 676

3 414

-7%

75

70

Экспорт, %

50%

42%

 

   

Ішкі нарық , %

50%

58%

 

   

 

 

 

 

 

 

№2-кесте. 2017 жылдағы мұнай өнімдерінің өндірісі және сатылымы

 

Мұнай өнімдері

Өндіріс

 

Сату

мың тонна

 АМӨЗ

ПМХЗ

жиыны

 

АМӨЗ

ПМХЗ

Жиыны

Аи-80 бензині

21,71

17,75

39,46

 

21,72

21,17

42,89

Аи-92бензині

191,48

123,49

314,97

 

195,65

130,14

325,78

Аи-95бензині

22,79

10,85

33,64

 

28,70

11,91

40,62

 Дизель отыны

554,92

175,30

730,22

 

561,03

165,40

726,43

 Әуе отыны

9,43

-

9,43

 

9,78

-

9,78

 Ақшыл түсті мұнай өнімдерінің жиыны

800,33

327,39

1 127,71

 

816,87

328,62

1 145,49

 Вакуумдық газойль

295,74

28,12

323,86

 

298,92

28,28

327,20

Мазут

615,96

91,59

707,54

 

622,50

94,81

717,31

Битум

-

18,76

18,76

 

-

18,76

18,76

 Қара түсті мұнай өнімдерінің жиыны

911,69

138,46

1 050,16

 

921,42

141,84

1 063,26

 Сұйытылған газ

14,79

29,72

44,51

 

14,79

32,04

46,83

 Пеш отыны

23,20

22,90

46,09

 

22,89

18,32

41,21

Күкірт  

0,87

3,28

4,14

 

1,31

0,24

1,55

 Қыздырылған кокс

22,42

-

22,42

 

22,43

-

22,43

 Жиынтықты кокс

24,55

24,10

48,66

 

24,02

39,87

63,89

Басқалары

3,69

16,93

20,62

 

3,65

-

3,65

 Басқа да мұнай өнімдерінің жиыны

89,52

96,92

186,44

 

89,09

90,47

179,56

 Шығындар

107,45

68,61

176,06

 

-

-

-

 Жиыны

1 909,00

631,38

2 540,38

 

1 827,38

560,94

2 388,32

 

Анықтама

ҚМГ БӨ 2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182  млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

 

Байланыстық ақпарат:

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7887)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау аясында  CCEL 2017 жылы сондай-ақ 117 мың тонна (50%) және 2016 жылы 55 мың тонна (50%) битум сатты.

 

ҚМГ БӨ-нің 2017 жылдағы операциялық нәтижелері (212 Кб) Көшіріп алу
Наверх