Баспасөз хабарламалары

31 қаңтар, 2018

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ қорларын бағалау

Астана, 31 қаңтар 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (ҚМГ БӨ үлесі – 50%) кен орындарындағы сұйық көмірсутегі қорларын тәуелсіз бағалау нәтижелері туралы хабарлайды. Бағалауды «ДеГольер энд МакНотон» («ДеГольер») тәуелсіз компаниясы жүргізді.

ДеГольер есебіне сәйкес, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) санаты бойынша 145 млн. тоннаны (1 065 млн. баррель) құрап, 2016 жылдың соңымен салыстырғанда тура сондай деңгейде қалды. Қорлардың орнын толтыру коэффициенті (бір жылдағы қорлар өсімінің өндіруге қатынасы) 100 %-ды құрады.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры «дәлелденген» (1Р) санаты бойынша 102 млн. тоннаны (754 млн. баррель) құрады, ал «дәлелденген плюс ықтимал плюс мүмкін» (3Р) санаты бойынша 193 млн. тоннаны (1 418 млн. баррель) құрады.   

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сұйық көмірсутегі қоры

 

млн. тонна

млн. баррель

 

1P

2P

3P

1P

2P

3P

31/12/2016 қорлар

 93

 145

 196

 684

 1 061

 1 433

Өндіру

 8,3

 8,3

 8,3

 61

 61

 61

Орнын толтыру

 17,6

 8,3

 5,5

 131

 65

 46

31/12/2017 қорлар

 102

 145

 193

 754

 1 065

 1 418

10% кезіндегі ағымдағы құны, млн АҚШ доллары

 

 

 

4 253

5 170

5 840

Есеп ҚМГ БӨ-нің «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.». компанияларының қорларындағы үлесін қамтымайды.

Анықтама
ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz  

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ қорларын бағалау (280 Кб) Көшіріп алу
Наверх