Баспасөз хабарламалары

22 ақпан, 2018

2017 жылдың қаржылық нәтижелері

Астана, 22 ақпан 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есептілігін жариялады.  

  • 2017 жылы түсім 956 млрд. теңгені (2 933 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2016 жылдағыдан 32%-ға жоғары. Табыстың өсуі негізінен Брент орташа бағасының 24%-ға, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесінің ұлғаюына және мұнай өнімдеріне бағалар конъюктурасының жақсаруына байланысты болды, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 5%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.
  • 2017 жылы таза пайда 195 млрд теңгені (599 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары 218 млрд. теңгені (677 млн АҚШ доллары) құрады.
  • 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[2] 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 1 1172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1 339 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады.

 

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін қоса алғанда, 2017 жылы 11 868 мың тонна (тәулігіне 241 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 480 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға кем, бұл негізінен ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 840 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 320 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға кем.  

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2017 жылы 3 548 мың тоннаны (тәулігіне 73 мың баррель) құрап, 2016 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.

 

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2017 жылы 8 233  мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, оның ішінде 5 700 мың тонна (тәулігіне 113 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және 2 533 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 31%-ын құрайды.  Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2016 жылы 41%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 2 533  мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) шикі мұнайдың 1 909 мың тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және  624 мың тоннасы (тәулігіне 12 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2017 жылы мұнай өнімдерін сату 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін құрады, бұл 2016 жылдағыдан 3 %-ға көп.  

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 3 414  мың тонна мұнайды (тәулігіне 70 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 443 мың тонна мұнай (тәулігіне 28 мың баррель) экспортқа және 1 971 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 58%-ын құрайды. 2016 жылы ҚГМ, CCEL және ПҚИ ішкі нарыққа сатылымдардың жалпы көлемінің 50%-ын жеткізді. 

 

Кезеңдегі таза пайда

Таза пайда 2016 жылдағы 132 млрд. теңгемен (385 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 2017 жылы 195 млрд теңгені (599 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың ұлғаюы негізінен Брент бағасының 24%-ға, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесінің ұлғаюына, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компания табысындағы үлестің артуына байланысты, бұл табыс салығынан басқа салықтардың, өндірістік шығындардың, сату шығындарының және әкімшілік шығындардың өсуімен ішінара өтелді.

 

Түсім

2017 жылы түсім 956 млрд. теңгені (2 933 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 32%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесінің ұлғаюына, мұнай өнімдеріне бағалар конъюктурасының жақсаруына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 5%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

2017 жылы мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен[3] байланысты барлық шығындарды шегергенде) АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 56 305 теңгені, ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 61 292 теңгені құрады. 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда таза түсім АМӨЗ және ПМХЗ-ға, тиісінше, тоннасына 42 366 теңгені және тоннасына 51 743 теңгені құрады.

Таза түсім 2016 жылдың төртінші тоқсанындағы АМӨЗ-ге тоннасына 48 308 теңге және ПМХЗ-ға тоннасына 54 569 теңгемен салыстырғанда, 2017 жылдың төртінші тоқсанында тиісінше, тоннасына 60 612 теңге және 62 665 теңгені құрады.  

 

Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2017 жылы 318 млрд теңгені (977 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдағыдан 16%-ға жоғары. Бұл, ең алдымен, қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының  8%-ға өсуіне, экологиялық міндеттемелер бойынша резервтердің танылуына, жөндеу және қызмет көрсету шығыстарының өсуіне, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу шығыстарының ұлғаюына байланысты, бұл мұнай қалдықтарының өзгеруімен ішінара өтелді.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 8%-ға өсуі негізінен 2017 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік персоналдың жалақысын 7%-ға индексациялау нәтижесінде орын алды.

Экологиялық міндеттемелер бойынша бағалау Компанияның 2017 жылдың үшінші тоқсанында 8,9 млрд теңге мөлшерінде ӨМГ мен ЕМГ-де тарихи ластануларды жою бойынша қосымша резервтің танылуы нәтижесінде өзгерді.

Жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығыстар негізінен басқа ұйымдар жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізген ұңғымалар санының көбеюі және ӨМГ-де жер қабатын сумен жару бойынша жұмыстардың көлемі мен бағасының ұлғаюы нәтижесінде артты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мұнайды қайта өңдеу тарифі 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап АМӨЗ-де мұнай тоннасына 20 501 теңгеден 24 512 теңгеге дейін және 2017 жылдың 1 тамызынан бастап ПМХЗ-да 14 895 теңгеден 16 417 теңгеге дейін жоғарылады.  

 

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2017 жылы 135 млрд теңгені (415 млн АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдағыдан 18%-ға жоғары болды. Шығындардың ұлғаюы негізінен көлік шығындарының ұлғаюына және салық органдарының наразылықтар сомасын азайтуы нәтижесінде 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі бойынша айыппұл мен өсімпұлдар бойынша түзетулердің азаюына байланысты болды, бұл кепілдеме шарты бойынша шығындардың болмауымен ішінара өтелді. 

Көлік шығындарының өсуі негізінен Өзен-Атырау-Самара бағыты бойынша 2017 жылы мұнай экспорты көлемінің 22%-ға ұлғаюына байланысты болды.    

Бұдан бұрын хабарланғандай, Компания 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің сату агенті ретінде «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ қызметтерін пайдалануды тоқтатып, мұнай өнімдерін өздігінен сата бастады[4]. Кепілдеме шарты бойынша шығындар 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айларында 5,4 млрд теңгені құрады.

 

Табыс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар 2017 жылы 288 млрд. теңгені (883 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 98%-ға жоғары, бұл ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС), экспорттық кеден бажы (ЭКБ) және өзге де салықтар бойынша шығындардың ұлғаюы нәтижесінде, негізінен Бренттің орташа бағасының және экспорттық жеткізілімдер көлемінің өсуі нәтижесінде орын алды.

Ренталық салық бойынша шығындар Брент маркалы мұнай бағасымен байланысатын ренталық салықтың барынша жоғары мөлшерлемесін қолдану нәтижесінде 2016 жылдағы экспорттық сатылымдардың тоннасына 3 673 теңгемен салыстырғанда, 2017 жылы   экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 14 013 теңгені құрады. Бұдан басқа, салықты есептеу әдістемесіне қатысты салық заңнамасындағы өзгерістердің салдарынан 2016 жылы 2012 – 2015 жылдар үшін ренталық салықты қайта есептеу жүргізіліп, ренталық салық сомасының 11,6 млрд. теңгеге төмендеуіне әкелді.

2017 жылы ПҚӨС мөлшерлемесі ӨМГ кен орындары үшін 13%-ды құрады, ал 2016 жылдың қыркүйегінде ПҚӨС мөлшерлемесі бүкіл 2016 жылға 9,0% деңгейінде белгіленген болатын, өйткені ӨМГ 2016 жылы салық есебі бойынша залалды мойындап, Үкіметтің қаулысы негізінде төмендету алды. 2016 жылы ПҚӨС мөлшерлемесін төмендетудің нәтижесінде ПҚӨС шығындары 15 млрд теңгеге азайды.

ЭКБ өсімі негізінен Брент мұнайының орташа бағасының және шикі мұнайдың экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылы ЭКБ орташа мөлшерлемесі өткен жылдағы шикі мұнайдың тоннасына 39 АҚШ долларымен салыстырғанда шикі мұнайдың тоннасына 48 АҚШ долларын құрады.  

Басқа салықтар 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты 2017 жылы негізінен дизель отыны мен бензинге акциздың жоғарылауы нәтижесінде ұлғайды. Бұрын хабарланғандай, дизель отынына акциз мөлшерлемесі маусым-қазан айлары аралығына 9 300 теңгеге дейін қымбаттады, жылдың қалған мезгілінде тоннасына 540 теңгені құрады.

 

Күрделі салымдар

Күрделі салымдар[5] 2017 жылы 111 млрд теңгені[6] ( (341 млн АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдағыдан 3%-ға кем болды. Күрделі салымдардың азаюы негізінен өндірістік нысандарды салу мен жаңғыртуға инвестициялардың азаюына байланысты, бұл негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығындардың өсуімен, эксплуатациялық және іздеу-барлау бұрғылауға инвестициялардың ұлғаюымен ішінара өтелді.

 

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 2016 жылдағы 159 млрд теңге (466 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі таза ақша ағымдарымен салыстырғанда, 2017 жылы 218 млрд теңгені (667 млн АҚШ доллары) құрады.

Операциялық қызметтен таза ақша ағымдарының ұлғаюы негізінен мұнайға баға конъюктурасының жақсаруына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесінің ұлғаюына, дербес процессингі схемасының бұдан арғы оң нәтижелеріне, 2017 жылы 30,1 млрд теңге сомасына ҚҚС-тың өтелуіне және 27,1 млрд теңге мөлшерінде КТС, СТС және ПҚӨС бойынша бұрын жасалған алдын ала төлемнің қайтарылуына байланысты, бұл табыс салығынан басқа салықтардың, өндірістік шығындардың және сату шығындары мен әкімшілік шығындардың ұлғаюымен ішінара өтелді.   

 

Таза ақша қаражаттары

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы 1 339 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 167 млрд теңгеге (512 млн АҚШ доллары) артық. Ақша қаражаты мен қаржы активтерінің 98%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), 2% - теңгеде деноминацияланған.

Ақша қаражаты, қаржы және өзге активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 2016 жылдағы 30,0 млрд теңгемен (88 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 2017 жылы 29,8 млрд теңгені (91 млн АҚШ доллары) құрады.

 

Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2017 жылы қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2016 жылдағы 12,6 млрд теңге (37 млн АҚШ доллары) көлеміндегі залалмен салыстырғанда, 20,4 млрд. теңгені (63 млн. АҚШ доллары) құрады.

 

Қазгермұнай

ҚМГ БӨ 2017 жылы өз есебінде ҚГМ-ға қатысу үлесінен түскен кірісті 19,2 млрд. теңге (59 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде көрсетті, салыстыру үшін 2016 жылы кіріс 4,3 млрд теңге (13 млн АҚШ доллары) мөлшерінде болды.  Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның  50 % үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация әсерін және 3,0 млрд. теңге (9 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі тиісті кейінге шегерілген салықты есептемегенде, 22,2 млрд теңгені (68 млн АҚШ доллары) құрайды.

2017 жылы АҚШ долларындағы ҚГМ түсімі 2016 жылмен салыстырғанда 26%-ға артты, бұл негізінен Брент мұнайының орташа бағасының 24%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде болып, өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан сату көлемдерінің азаюымен ішінара өтелді.   

ҚГМ 2017 жылы ҚГМ БӨ-ге дивиденд ретінде 124 млн АҚШ долларын, соның ішінде 2016 жылға 122 млн АҚШ доллары және өткен кезеңдерге 2 млн АҚШ доллары төледі.

 

ПетроҚазақстан Инк.

2017 жылы ҚМГ БӨ өз есебінде ПҚИ-ға қатысу үлесінен түскен кірісті 3,1 млрд. теңге (10 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде көрсетті, салыстыру үшін 2016 жылы залал 15,3 млрд теңге (45 млн АҚШ доллары) мөлшерінде болды. Осы сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 33 % үлесін көрсетеді, бұл 7,6 млрд теңге (23 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі лицензиялардың әділ құнының амортизациясын шегергенде, 10,8 млрд теңгені (33 млн АҚШ доллары) құрайды.

АҚШ долларындағы ПҚИ компаниясының түсімі 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы 15%-ға ұлғайды, бұл негізінен Брент мұнайының орташа бағасының 24%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде болып, өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан сату көлемдерінің азаюымен ішінара өтелді.    

ПҚИ 2017 жылы ҚГМ БӨ-ге дивиденд ретінде 62,7 млн АҚШ долларын (төлем көзінен алынатын салықты ұстай отырып), соның ішінде 2016 жылға 31,35 млн АҚШ доллары және 2017 жылға 31,35 млн АҚШ доллары төледі.

 

CCEL

Компания 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзінің балансында 38,0 млрд теңге (114 млн. АҚШ долларын) сомасын CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2017 жылы ҚМГ БӨ 3,8 млрд. теңге (12 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде қаржылық кірісті есептеді, бұл 26,9 млн АҚШ доллары мөлшерінде ССЕL-ден алынатын жылдық басым кірістің бір бөлігін білдіреді.

***

2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған топтастырылған қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында жарияланады (www.kmgep.kz).

Анықтама
ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондон Қор Биржасы мен Қазақстан Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және жиынтық кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды (2017 жыл мен 2016 жылдағы орташа бағамдар, тиісінше 326,08 және 341,76 теңге/АҚШ долл. құрады, 2017 жылдың 31 желтоқсанындағы және 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы кезең соңындағы бағам, тиісінше, 332,33 және 333,29 теңге/АҚШ долл.).

[2]  Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары мен өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[3] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнайды тасымалдау бойынша шығындар есепке алынбады.

[4] Компания 2016 жылдың сәуіріне дейін ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін өндірілген шикі мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға (ҚМГ ӨМ) жеткізіп тұрды. 2016 жылдың сәуірінен бастап шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сату агенті ретінде жұмыс жасайтын  ҚМГ ӨМ арқылы өздігінен сата бастады.

[5] 2013 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдардан және материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[6] Күрделі салымдар сомасын үлестің 49%-ын сатып алғаннан кейін  Карповский Северный ЖШС бюджеті топтастырады.   

2017 жылдың қаржылық нәтижелері (490 Кб) Көшіріп алу
Наверх