Баспасөз хабарламалары

06 сәуір, 2018

Компанияның өз ЖДҚ сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компаниның өз Жай акцияларын сатып алу ұсынысы бойынша соңғы есеп айырысулардың аяқталуы

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның өз ЖДҚ сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компаниның өз Жай акцияларын сатып алу ұсынысы бойынша соңғы есеп айырысулардың аяқталуы

Астана, 6 сәуір 2018 ж.

1.              Кіріспе

2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚМГ БӨ бір ЖДҚ-ға 14,00 АҚШ доллары бағасымен өзінің барлық шығарылған ЖДҚ-сын сатып алу бойынша шартты тендерлік ұсынысының («Тендерлік ұсыныс») іске қосылғаны туралы хабарлады.

2018 жылғы 23 қаңтарда ҚМГ БӨ:

  • Тендерлік ұсыныстың Қабылдау шарты және қалған барлық Шарттары орындалғанын, сондай-ақ Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болып жарияланғанын; және
  • Қазақстан қор биржасында бір Жай акцияға («Акциялардың бағасы») 84,00 АҚШ доллары бағасымен, бірақ Теңгемен төлей отырып, шығарылған немесе шығаруға жататын барлық Жай акцияларды сатып алуға сөзсіз ұсынысты («Акциялар туралы ұсыныс») жариялады.

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс, тиісінше, 2018 жылғы 8 наурызда және 2018 жылғы 12 наурызда жабылды.

2017 жылғы 8 желтоқсандағы Компанияның Тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарламасында («Тендерлік ұсыныс туралы хабарлама») анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада дәл сондай мәндерге ие.

2.              Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныстың соңғы есеп айырысуларына сәйкес сатып алынған ЖДҚ мен Жай акциялар

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсынысы және Акциялар туралы ұсынысы бойынша соңғы есеп айырысулар 2018 жылғы 5 сәуірде, Есеп айырысудың соңғы датасында жүргізілгенін хабарлайды, нәтижесінде ҚМГ БӨ тұтастай алғанда төмендегілерді сатып алды:

  • 135,454,910 ЖДҚ-ны, олар 2018 жылғы 18 ақпанда (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) барлық шығарылған ЖДҚ-ның (Компания 2018 жылғы 18 ақпанда иемденген ЖДҚ-ны есептемегенде) шамамен 98.7 пайызын және айналымдағы Жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген Жай акцияларды қоса алғанда) шамамен 32.1 пайызын құрайды; және
  • айналымдағы 336,584 Жай акцияларды; олар 2018 жылғы 18 ақпанда (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) айналымдағы барлық Жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген Жай акцияларды қоса алғанда) шамамен 0,5 пайызын құрайды.

Компания сатып алынған Жай акцияларды қазынашылық акциялар түрінде, ал сатып алынған ЖДҚ-ны Тендерлік ұсынысты іске қосу туралы хабарландырудың 3.8-ші Параграфында сипатталғандай, Компания уақыт өте келе оларды тиісті Жай акцияларға айырбастайды деген шартпен ЖДҚ түрінде ұстайтын болады.

Қазіргі кезде ҚМГ ҰК және ҚМГ БӨ-ге жалпы алғанда 56,210,435 Жай акциялар және 82,165,972[1] ЖДҚ тиесілі, бұл айналымдағы Жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген Жай акцияларды қоса алғанда) шамамен 99,5 пайызын құрайды.

3.              Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша Есеп айырысудың соңғы датасында жүргізілген төлемдер

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша төленуге тиісті қарсы қанағаттандырулардың төлемдері 2018 жылғы 5 сәуірде төменде көрсетілгендей жүзеге асырылды:

3.1            Биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныс

Компания Тендерлік ұсыныстың аяқталу датасы болып табылатын 2018 жылғы 8 наурызда сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) алынған, тиісті түрде берілген барлық тендерлік өтінімдерге қатысты Тендер агентіне 7,974,558 АҚШ долларын аударды, бұл төлем көзінен Салық сомасын және жалпы 1,298,636 АҚШ доллары сомасындағы кез келген басқа қолданылатын салықтар мен өзге үкіметтік алымдарды шегергенде, Тендерлік ұсыныста көрсетілген барынша тиісті Баға болып табылады. Нәтижесінде Компания биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсынысқа сәйкес тағы 662,371 ЖДҚ сатып алды.

Тендер агенті мүмкіндігінше ең қысқа мерзім ішінде өзі алған таза соманы өз ЖДҚ-ларын тиісті түрде 2018 жылғы 8 наурызда сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) берген ЖДҚ ұстаушыларына әрі қарай үлестіру үшін Клиринг жүйелеріне төлейді.  Таза сомалар өз ЖДҚ-ларын сатуға қойған ЖДҚ ұстаушыларына тиісті Клиринг жүйесінің процедураларына сәйкес төленуі тиіс.

3.2            Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныс 

Компания Тендерлік ұсыныстың аяқталу датасы болып табылатын 2018 жылғы 8 наурызда сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) алынған, тиісті түрде берілген барлық тендерлік өтінімдерге қатысты Қазақстан қор биржасындағы Брокерге 10,114,790 АҚШ долларын төледі, бұл барлық қолданылатын салықтар мен өзге үкіметтік алымдарды шегергенде, Тендерлік ұсыныста көрсетілген толық Баға болып табылады. Нәтижесінде Компания Тендерлік ұсынысқа сәйкес Қазақстан қор биржасында қосымша 722,485 ЖДҚ сатып алды.

3.3            Акциялар туралы ұсыныс

Компания сату үшін өтінімдер 2018 жылғы 12 наурызда сауда-саттықтар жабылғанға дейін түскен жағдайда, 427,124,248 Теңге (бұл Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің веб-сайтында 2018 жылғы 5 сәуірде жариялаған АҚШ доллары мен теңгенің ресми айырбастау бағамы бойынша 1,335,264 АҚШ долларын құрайды) төлеу жолымен Акциялар туралы ұсыныс бойынша тиісінше берілген барлық тендерлік өтінімдерді өткізді. Нәтижесінде Компания Акциялар туралы ұсынысқа сәйкес қосымша 15,896 Жай акцияларды сатып алды.

4.              Қазақстанның төлем көзінен ұсталатын салық

4.1            Ұсталынған салықтың дәлелі

ЖДҚ ұстаушыларына ҚМГ БӨ ұстап қалатын салық сомасын олардың резиденттілігі елдеріндегі салық міндеттемелеріне қарсы өтей алатыны ескертіледі. Қазақстанның Заңдарына сәйкес ЖДҚ ұстаушылары төлем көзінен салық ұсталғанның дәлелін Қазақстанның салық органдарынан ала алады. Қазақстанның Заңдарында қарастырылғандай, ЖДҚ ұстаушылары мұндай дәлелдерді тікелей Қазақстанның салық органдарынан сұратуға міндетті. Ақпаратты және салық басқармасының байланыс деректерін Қазақстанның Қаржы министрлігі сайтынан алуға болады: http://kgd.gov.kz/en.

4.2            Қосарланған салық салуды болдыртпау туралы келісім

Қосарланған салық салуды болдыртпау туралы келісімдердің шектеулі саны төлем көзінен алынатын қазақстандық салықтан босатылуын қамтамасыз ете алады. Алайда, мұндай босату салықтарды қайтару тетігі арқылы ғана қолданылуы мүмкін, алдымен төлем көзінен алынатын салық Қазақстанның салық органдарына төленуі тиіс. Іс жүзінде салықты қайтарып алу нәтижесі белгісіз болатын қиындық келтіретін процеске айналуы мүмкін. Қосарланған салық салуды болдыртпау туралы келісім арқылы салықтан босатуды қолданғысы келетін ЖДҚ ұстаушылары әрбір нақты жағдай кезінде өздерінің кәсіби консультанттарынан консультация алуға тиіс.

ЖДҚ Ұстаушылары 2017 жылғы 8 желтоқсандағы Тендерлік ұсыныс құжатының VII бөлігіне назар аударғаны жөн, онда Қазақстанда салық салынудың белгілі бір мәселелеріне қатысты барынша егжей-тегжейлі ақпарат берілген.

Жоғарыда көрсетілген тұжырым Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес салық салу бойынша жалпы нұсқаулық ретінде ұсынылып отыр және салықтық немесе заңды анықтама болып табылмайды. Салық салу позициясына күмәнданатын немесе толық ақпаратты талап ететін кез келген ЖДҚ ұстаушылары өздерінің кәсіби салық консультанттарынан консультация алуға тиіс.

Барынша егжей-тегжейлі ақпарат Тендерлік ұсыныс құжатында келтірілген, оны Сіздер https://www.kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer/ сілтемесі арқылы оқи аласыздар немесе +44 371 664 0321 нөмірі бойынша Link Asset Services-ке хабарласуыңызға болады. 

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша

Толық ақпарат алу үшін бізге мына мекенжайлар бойынша хабарласыңыз:

 ҚМГ БӨ. Инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Дороти Беруэлл
Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Дойче Банк Траст Компани Америкас (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
Эл. пошта: duewa.t.brooks@db.com   

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. 2017 жылы жалпы өндіру Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 11,9 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 240 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ-лары Лондон қор биржасында айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте Компания ІРО-дан 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ПҚҚ рұқсат берген және оны ПҚҚ мен ҚРББ реттейтін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.  

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ҚРББ рұқсат берген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.

HSBC-ге ПҚҚ уәкілеттік берген және Біріккен Корольдіктегі оның қызметін ҚРББ және ПҚҚ реттейді. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін ғана қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация бергені үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқа ешкімнің алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаздар ұстаушыларына арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың қолданысына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес олар қолданылатын шамасына қарай жасалады. АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы ЖДҚ ұстаушыларына ЖДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналымдағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы заңының жүйелі есептілігіне қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдай туралы кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-ның және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге жету міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

 



[1] 54 000 000 ЖДҚ 2018 жылғы 21 ақпанда Жай акцияларға айырбасталды.

Компанияның өз ЖДҚ сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компаниның өз Жай акцияларын сатып алу ұсынысы бойынша соңғы есеп айырысулардың аяқталуы (93 Кб) Көшіріп алу
Наверх