Баспасөз хабарламалары

11 сәуір, 2018

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқарманың Ресми тізімінен Компания ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы және Лондон қор биржасының негізгі нарығында олардың сауда-саттығын болдырмау туралы Компанияның хабарламасы мен Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен Компанияның Жай акциялары мен ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы туралы хабарлама

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқарманың Ресми тізімінен Компания ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы және Лондон қор биржасының негізгі нарығында олардың сауда-саттығын болдырмау туралы Компанияның хабарламасы

Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен Компанияның Жай акциялары мен ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы туралы хабарлама

Астана, 11 сәуір 2018 ж.

        1.     Кіріспе

2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚМГ БӨ бір ЖДҚ-ға 14,00 АҚШ доллары бағасымен өзінің барлық шығарылған ЖДҚ-сын сатып алу бойынша шартты тендерлік ұсынысы («Тендерлік ұсыныс») туралы хабарлады.

2018 жылғы 23 қаңтарда ҚМГ БӨ:

  • Тендерлік ұсыныстың қабылдау шарты және қалған барлық Шарттары қанағаттандырылғанын, сондай-ақ Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болып жарияланғанын; және
  • Қазақстан қор биржасында бір Жай акцияға теңгемен төлей отырып, 84,00 АҚШ доллары бағасымен айналымға шығарылған немесе шығарылатын өзінің барлық Жай акцияларын сатып алуға сөзсіз ұсынысын («Акциялар туралы ұсыныс») жариялады.

2018 жылғы 13 наурызда ҚМГ БӨ 2018 жылғы 12 наурызда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы («2 АКТЖЖ») Лондон қор биржасының («ЛҚБ») биржалық тізімінен ЖДҚ-ны және Қазақстан қор биржасының («ҚҚБ») биржалық тізімінен ЖДҚ мен Жай акцияларын шығаруды бекіткенін жариялады.

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс, тиісінше, 2018 жылғы 8 наурызда және 2018 жылғы 12 наурызда жабылды. Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша соңғы есеп айырысулар 2018 жылғы 5 сәуірде жасалды.  

2017 жылғы 8 желтоқсандағы Компанияның Тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарламасында («Тендерлік ұсыныс туралы хабарлама») анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада дәл сондай мәндерге ие.

           2.     ЛҚБ мен ҚҚБ биржалық тізімдерінен ЖДҚ мен Жай акцияларды шығару туралы хабарлама

ҚМГ БӨ «2 АКТЖЖ»-да қабылданған шешімдерге және пут опционына қатысты Құқықтар мерзімінің аяқталуына сәйкес ол 2018 жылғы 11 сәуірде Ресми тізімнің стандарттық листингі сегментінде ЖДҚ-ны биржалық тізімнен шығару өтінішімен Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және қадағалау басқармасына және ЛҚБ негізгі нарығында ЖДҚ сауда-саттығын болдырмау туралы өтінішімен ЛҚБ-ға хабарламалар жіберетінін жариялайды. Ұлыбританияның Листинг ережелерінің                                 5.2.8-тармағына сәйкес, Компания ЛҚБ биржалық тізімнен шығарылуы туралы кемінде 20 жұмыс күн бұрын хабарлауға тиісті, бұл осылайша 2018 жылғы 10 мамырда сағат 08:00-де (Лондон уақыты бойынша) күшіне енуге тиісті.   

Сондай-ақ, ҚҚБ Листинг комиссиясы ҚҚБ биржалық тізімнен шығаруды бекітуі үшін ҚМГ БӨ 2018 жылғы 11 сәуірде Жай акциялар мен ЖДҚ-ны шығару туралы өтініш жібереді.

Осы хабарламалардың күшіне енуіне қарай Өзара қарым-қатынастар туралы шарт өзінің әрекетін дереу тоқтатады.   

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша:

Толық ақпарат алу үшін бізге мына мекенжайлар бойынша хабарласыңыз:  

 

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
e-mail: ir@kmgep.kz

 

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)

Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Дороти Беруэлл
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Deutsche Bank Trust Company Americas (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
e-mail: duewa.t.brooks@db.com   

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2017 жылы Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 11,9 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 240 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ-лары Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте Компания ІРО-дан 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ПҚҚ рұқсат берген және оны ПҚҚ мен ҚРББ реттейтін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.  

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ҚРББ рұқсат берген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.

HSBC-ге ПҚҚ уәкілеттік берген және Біріккен Корольдіктегі оның қызметін ҚРББ және ПҚҚ реттейді. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін ғана қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация бергені үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқа ешкімнің алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаздар ұстаушыларына арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың қолданысына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес олар қолданылатын шамасына қарай жасалады. АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы ЖДҚ ұстаушыларына ЖДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналымдағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы заңының жүйелі есептілігіне қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдай туралы кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-ның және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге жету міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

 

 

 

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқарманың Ресми тізімінен Компания ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы және Лондон қор биржасының негізгі нарығында олардың сауда-саттығын болдырмау туралы Компанияның хабарламасы мен Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен Компанияның Жай акциялары мен ЖДҚ-ның ұсынылып отырған шығарылуы туралы хабарлама (81 Кб) Көшіріп алу
Наверх