Баспасөз хабарламалары

12 сәуір, 2018

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері    

Астана, 12 сәуір 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесі 2017 жылдың қорытындылары бойынша жай акцияларға дивиденд төлемеуді ұсынғандығы туралы хабарлайды.

ҚМГ БӨ Жарғысына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша бір акцияға 25 теңге көлемінде жылдық ең төменгі кепілдікті мөлшері төленеді. Осы шешім 2018 жылғы 22 мамырға белгіленген Компания акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысының бекітуіне жатады.    

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылғы наурыз айында жаһандық депозитарлық қолхаттарға («ЖДҚ») қатысты Тендерлік ұсыныстың және жай акцияларға қатысты Ұсыныстың әрекет етуі аяқталды, олардың нәтижесінде ҚМГ БӨ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ тұтастай алғанда шығарылған жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген жай акцияларды қосқанда) 99.5%-ын иемденеді. 2018 жылғы 11 сәуірде Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларына ЖДҚ мен жай акциялардың делистингіне өтінімдер жолдады.

 АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ
2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасы мен Қазақстан Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

 Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz 

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері (95 Кб) Көшіріп алу
Наверх