Баспасөз хабарламалары

25 сәуір, 2018

ҚМГ БӨ-нің 2018 жылдың 1-тоқсанындағы операциялық нәтижелері

Астана, 25 сәуір 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелерін жариялайды.  

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2018 жылдың бірінші тоқсанында 2 898 мың тонна (тәулігіне  238 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде болып тұр.

2018 жылдың бірінші тоқсанында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 350 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы көрсеткіштерден 1%-ға жоғары. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 695 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі  2 046 мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрады, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанымен  салыстырғанда 1%-ға артық.  

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 852  мың тоннаны (тәулігіне 71 мың баррель) құрап, 2017 жылдың 1-ші тоқсанына қарағанда 3%-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2018 жылдың 1-ші тоқсанында 2 002  мың тоннаны (тәулігіне 161 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 265 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 37%-ын құрайды.  Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2017 жылдың осындай кезеңінде 34%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ 2018 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жөнелткен 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) шикі мұнайдың 535 мың тоннасы (тәулігіне 43 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 202 мың тоннасы (тәулігіне 16 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2018 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімдерін сату 669 мың тонна мұнай өнімдерін құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп. Мұнай өнімдерін сату көлемі бойынша толық ақпарат төмендегі №2-ші кестеде берілген.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 834  мың тонна мұнайды (тәулігіне 69 мың баррель) құрады, оның ішінде 318 мың тонна мұнай (тәулігіне 24 мың баррель) экспортқа және 515 мың тонна (тәулігіне 44 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 62%-ын құрайды. 2017 жылдың осындай кезеңінде ҚГМ, CCEL және ПҚИ ішкі нарыққа жалпы сату көлемінің 57%-ын жеткізді. 

2Р санаты бойынша сұйық көмірсутектердің жалпы қорлары  

ҚГМ (50%), CCEL (50%) және ПҚИ (33%) компанияларының «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) санаты бойынша сұйық көмірсутектердің жалпы қорларында ҚМГ БӨ-нің үлесі 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша 36 млн тоннаны (256 млн баррель) немесе Компанияның жалпы шоғырландырылған қорларының 20%-ын құрайды. 2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіш 37 млн тоннаны (266 млн баррель) немесе Компанияның шоғырландырылған қорларының 21%-ын құрады. Бірлескен кәсіпорындарының қорларын бағалауды қорлар жөніндегі тәуелсіз аудиторлар бөлек жүргізеді[1].

Бұрын хабарланғандай, «ДеГольер энд МакНотон» есебіне сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ӨМГ, ЕМГ және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (ҚМГ БӨ үлесі - 50%) кен орындарында және ҚМГ БӨ-нің ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлестерін есепке алмағанда, 2P санаты бойынша сұйық көмірсутектер қоры 145 млн. тоннаны (1 065 млн. баррель) құрады.

Осылайша, ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ-нің үлесін есептегенде, 2P санаты бойынша сұйық көмірсутектер жалпы қорлары 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 180 млн тоннаны (1 321 млн баррель) құрады.

 №1-кесте. 2018 жылдың 1 тоқсанындағы мұнай өндіру және сату

 

мың тонна

 

тәулігіне мың баррель

 

2017

2018

ж/ж, %

2017

2018

Мұнай өндіру көлемі

 

 

 

 

 

ӨМГ

             1 335

             1 350

1%

109

               110

ЕМГ

                691

                695

1%

57

                 57

ӨМГ және ЕМГ жиыны

            2 026

            2 046

1%

166                  

               167

ҚГМ, 50%

                346

                337

-3%

30

                 29

CCEL, 50%

                261

                265

2%

19

                 20

ПҚИ, 33%

                271

                250

-8%

23              

                 22

Бірлескен кәсіпорындар жиыны

               878

               852

-3%

72

                 71

Жалпы өндіру көлемі

            2 904

            2 898

-0,2%

238                

               238

Шикі мұнайды сату көлемі

       

ӨМГ және ЕМГ

         

ӨАС

                719

                963

34%

58

                 77

КҚК

                565

                302

-47%

45

                 24

Экспорт

            1 284

            1 265

-1%

103

               102

АМӨЗ

                520

                535

3%

42

                 43

ПМХЗ

                135

                202

50%

11                            

                 16

Ішкі нарық

655 

737 

13%

53

                 59

ӨМГ және ЕМГ жиыны

1 939              

2 002              

3%

156

               161

Экспорт, %

66%

63%

 

 

 

Ішкі нарық, %

34%

37%

 

 

 

ҚГМ (50%)

   

 

   

Экспорт

66

20

-70%

6

2

Ішкі нарық  

279

315

13%

24

27

ҚГМ жиыны

345

335

-3%

30

29

CCEL (50%)

 

 

 

   

Экспорт

230

251

9%

17

19

Ішкі нарық[2]

20

-

100%

1

-

CCEL жиыны

 250

251

-1%

19

19

ПҚИ (33%)

 

 

 

   

Экспорт

79

47

-41%

7

4

Ішкі нарық  

194

200

3%

17

17

ПҚИ жиыны

273

247

-10%

24

21

Бірлескен кәсіпорындар жиыны

 

 

 

   

Экспорт

375

318

-15%

30

24

Ішкі нарық  

493

515

4%

42

44

Бірлескен кәсіпорындар жиыны

868

834

-4%

72

69

Экспорт, %

43%

38%

 

 

 

Ішкі нарық, %

57%

62%

 

 

 

 №2-кесте. 2018 жылдың 1 тоқсанындағы мұнай өнімдерін өндіру және сату 

Мұнай өнімдері

Өндіру

 

Сату

мың тонна

АМӨЗ

ПМХЗ

Жиыны

 

АМӨЗ

ПМХЗ

Жиыны

АИ-92 бензині

65,25 

51,73 

116,98 

 

56,61 

53,26 

109,87 

АИ-95 бензині

6,96 

2,94 

9,90 

 

4,57 

3,20 

7,77 

АИ-98 бензині

-

0,50

0,50

 

-

0,58

0,58

Дизель отыны

120,30 

64,41 

184,72 

 

119,50 

63,92 

183,42 

Әуе отыны

1,84 

1,84 

 

1,46 

1,46

Ақшыл түсті мұнай өнімдерінің жиыны

194,36 

119,58 

313,94 

 

182,13 

120,97 

303,10 

Вакуумдық газойль

93,82 

93,82 

 

93,24 

93,24 

Мазут

172,81 

34,20 

207,01 

 

172,56 

29,95 

202,51 

Битум

1,72

1,72 

 

1,72

1,72 

Қара түсті мұнай өнімдерінің жиыны

266,63 

35,92 

302,55 

 

265,80 

31,67 

297,47 

Сұйытылған газ

6,40

12,00 

18,40 

 

6,40 

12,63 

19,03 

Пеш отыны

15,66 

15,66 

 

16,24

10,54 

26,78 

Күкірт

0,27 

1,49 

1,75 

 

0,44 

1,38 

1,82 

Кокс

14,08 

8,03 

22,11 

 

14,85 

5,02 

19,87 

Бензол

1,24 

1,24 

 

1,36 

1,36 

Басқалары

1,10 

1,10 

 

-

-

Басқа мұнай өнімдерінің жиыны

37,65 

22,62 

60,27 

 

39,28 

29,58 

68,86 

Шығындар

36,37 

22,99 

59,35 

 

-

Жиыны

535,00 

201,11

736,11 

 

487,22

182,21 

669,43 

  Анықтама
ҚМГ БӨ 2017  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 180 млн. тоннаны (1 321 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор Биржасында және Қазақстан Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
E-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7887)
Бақдәулет Төлеген
Е-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
Е-mail: KMGEP@finsbury.com

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.  



[1] 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚГМ-де қорларды бағалауды Мұнайгазконсалт Қазақстан компаниясы жүргізді, ПҚИ қорларына бағалауды McDaniel and Associates Consultants Ltd, CCEL қорларына бағалауды Miller&Lents Ltd компаниясы жүргізді.

[2] Ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде CCEL сондай-ақ, 2018 жылдың 1-ші тоқсанында битумның 16 мың тоннасын (50%) және 2017 жылдың 1-ші тоқсанында 3 мың тоннасын (50%) сатты. 

 

ҚМГ БӨ-нің 2018 жылдың 1-тоқсанындағы операциялық нәтижелері (427 Кб) Көшіріп алу
Наверх