Баспасөз хабарламалары

26 сәуір, 2018

2018 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелер

Астана, 26 сәуір 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2018 жылдың 31 наурызында аяқталған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігін жариялады.  

  • 2018 жылдың алғашқы үй айында түсім 270 млрд теңгені (837 млн АҚШ долларын[1]) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюына және мұнай өнімдеріне бағалардың өсуіне байланысты болды.  
  • 2018 жылдың алғашқы үй айында таза пайда 2017 жылдың осындай кезеңіндегі 2 млрд теңгемен (7 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 21 млрд теңгені (63 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен таза ақша ағымдары – 57 млрд теңгені (177 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары.  
  • 2018 жылдың 31 наурызында таза ақша қаражатының сомасы[2] 2017 жылдың 31 желтоқсандағы 1 339 млрд теңгемен (4,0 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 703 млрд теңгені (2,2 млрд АҚШ доллары) құрады.   
  • Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныстың нәтижелері бойынша, ҚМГ БӨ және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тұтастай алғандай шығарылған жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген жай акцияларды қоса алғанда) 99,5%-ын иемденеді.

 

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2018 жылдың бірінші тоқсанында                  2 898 мың тонна (тәулігіне  238 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде болып тұр.

2018 жылдың бірінші тоқсанында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 350 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы көрсеткіштерден 1%-ға жоғары. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 695 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 046 мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрады, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанымен  салыстырғанда 1%-ға артық.  

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 852 мың тоннаны (тәулігіне 71 мың баррель) құрап, 2017 жылдың 1-ші тоқсанына қарағанда 3%-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты.

 

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2018 жылдың 1-ші тоқсанында 2 002  мың тоннаны (тәулігіне 161 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 265 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 37%-ын құрайды.  Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2017 жылдың осындай кезеңінде 34%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ 2018 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жөнелткен 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) шикі мұнайдың 535 мың тоннасы (тәулігіне 43 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 202 мың тоннасы (тәулігіне 16 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2018 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімдерін сату 669 мың тонна мұнай өнімдерін құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 834  мың тонна мұнайды (тәулігіне 69 мың баррель) құрады, оның ішінде 318 мың тонна мұнай (тәулігіне 24 мың баррель) экспортқа және 515 мың тонна (тәулігіне 44 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 62%-ын құрайды. 2017 жылдың осындай кезеңінде ҚГМ, CCEL және ПҚИ ішкі нарыққа жалпы сату көлемінің 57%-ын жеткізді.

 

Кезеңдегі таза пайда

2018 жылдың алғашқы үй айында таза пайда 2017 жылдың осындай кезеңіндегі 2 млрд теңгемен (7 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 21 млрд теңгені (63 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың ұлғаюы негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюы нәтижесіндегі түсімнің өсуіне байланысты, бұл табыс салығынан басқа салықтардың, өндірістік шығындардың, сату шығындарының және әкімшілік шығындардың өсуімен ішінара өтелді.

2018 жылдың 1-ші тоқсанында Компания теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамының (2017 жылғы 31 желтоқсандағы бағаммен салыстырғанда 2018 жылғы 31 наурызда) 4%-ға төмендеуі нәтижесінде 44 млрд теңге (136 млн АҚШ доллары) мөлшерінде бағамдық айырмадан шығынды көрсетті.

 

Түсім

2018 жылдың алғашқы үй айында түсім 270 млрд. теңгені (837 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 27%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюына және мұнай өнімдеріне бағалардың өсуіне байланысты болды, бұл  экспорттық жеткізілімдер үлесінің азаюымен ішінара өтелді.

2018 жылдың алғашқы үй айында мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен байланысты барлық шығындарды шегергенде[3]) АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 60 428 теңгені және ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 78 131 теңгені құрады. 2017 жылдың осындай кезеңінде таза түсім АМӨЗ және ПМХЗ-ға, тиісінше, тоннасына 57 196 теңгені және тоннасына 56 596 теңгені құрады.

 

Өндірістік шығындар

2018 жылдың алғашқы үш айында өндірістік шығындар 83 млрд теңгені (257 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 19%-ға жоғары. Бұл ең алдымен мұнай өңдеу шығыстарының өсуіне, жөндеу және қызмет көрсету шығыстарының, сондай-ақ қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 5%-ға өсуіне байланысты болды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өңдеу тарифі бекітілген бюджетке сәйкес АМӨЗ-де тоннасына 24 512 теңгеден 31 473 теңгеге дейін және ПМХЗ-да 16 417 теңгеден 17 250 теңгеге дейін жоғарылады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында өңдеу тарифі АМӨЗ-де 20 501 теңгені және ПМХЗ-да 14 895 теңгені құрады.

Жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығыстар ӨМГ-де басқа ұйымдар күрделі жөндеу жүргізген ұңғымалар санының көбеюі нәтижесінде  ұлғайды.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 5%-ға өсуі негізінен 2018 жылғы қаңтардан бастап өндірістік персоналдың жалақысын 7%-ға индексациялау нәтижесінде орын алды.

 

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

2018 жылдың алғашқы үш айында сату шығындары және әкімшілік шығындар 32 млрд теңгені (99 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Бұл негізінен 2017 жылдың бірінші тоқсанында салық органдарының наразылықтар сомасын азайтуы нәтижесіндегі 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі бойынша айыппұл мен өсімпұлдардың есептелуін қайта қараумен байланысты.

 

Табыс салығынан басқа салықтар

2018 жылдың алғашқы үш айында табыс салығынан басқа салықтар 88 млрд. теңгені (272 млн. АҚШ доллары) құрап, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 34%-ға жоғары болды, бұл ренталық салық, экспорттық кеден бажы (ЭКБ), пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) және өзге салықтар бойынша шығындардың ұлғаюы нәтижесінде, негізінен Бренттің орташа бағасының өсуі нәтижесінде орын алды.

2018 жылдың алғашқы үш айында ренталық салық бойынша шығындар 2017 жылдың осындай кезеңіндегі экспорттық сатылымдардың тоннасына 13 801 теңгемен салыстырғанда экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 22 334 теңгені құрады, бұл Брент маркалы мұнай бағасымен байланысатын ренталық салықтың аса жоғары мөлшерлемесін қолдану нәтижесінде орын алды.

ЭКБ орташа мөлшерлемесі 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы шикі мұнайдың тоннасына 49 АҚШ долларымен салыстырғанда, 2018 жылдың бірінші тоқсанында шикі мұнайдың тоннасына 61 АҚШ долларын құрады.  

 

Күрделі салымдар

2018 жылдың алғашқы үш айында күрделі салымдар[4] 25 млрд теңгені (79 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 43%-ға артық. Күрделі салымдардың ұлғаюы негізінен ӨМГ-де негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығындардың өсуіне, сондай-ақ ЕМГ-де эксплуатациялық және іздеу-барлау бұрғылау жұмыстары санының ұлғаюына байланысты.   

Бұрын хабарланғандай, күрделі салымдар 2017 жылдағы 111 млрд теңгемен (341 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2018 жылы 142 млрд теңге (418 млн АҚШ доллары[5]) мөлшерінде жоспарланып отыр.  

 

Операциялық қызметтен ақша ағымдары

2018 жылдың алғашқы үш айында операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 57 млрд теңгені (177 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға жоғары.

 

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныстың әрекет етуінің аяқталуы

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылдың наурыз айында жаһандық депозитарлық қолхаттарға («ЖДҚ») қатысты Тендерлік ұсыныс және жай акцияларға қатысты Ұсыныстың әрекет етуі аяқталды, осының нәтижесінде ҚМГ БӨ тұтастай алғандай айналымдағы 135 454 910 ЖДҚ мен 336 584 жай акцияларды сатып алды. Жиынтықты төлем[6] 1 925 млн АҚШ долларын (624 млрд теңге) құрады, оның 1 904 млн АҚШ доллары (617 млрд теңге) есеп айырысудың алғашқы датасында (2018 жылдың 19 ақпанында) және 21 млн АҚШ доллары (7 млрд теңге) – есеп айырысудың соңғы датасында (2018 жылдың 5 сәуірінде) төленді.

Осылайша, ҚМГ БӨ және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ тұтастай алғанда шығарылған жай акциялардың (ЖДҚ түрінде берілген жай акцияларды қоса алғанда) 99,5%-ын иемденеді. 2018 жылдың 11 сәуірінде Компания Лондон және Қазақстан қор биржаларына ЖДҚ мен жай акциялардың делистингіне өтінімдерін жолдады.

 

Таза ақша қаражаты

Таза ақша қаражатының сомасы 2017 жылғы 31 желтоқсандағы 1 339 млрд теңгемен (4,0 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 703 млрд теңгені (2,2 млрд АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты мен қаржы активтерінің 96%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), 4% - теңгеде деноминацияланған.

2018 жылдың бірінші тоқсанында ақша қаражаты, қаржы және өзге активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 7 млрд теңгені (23 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы деңгеймен шамалас.  

 

Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2018 жылдың бірінші тоқсанында қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 8,6 млрд. теңгені (27 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2%-ға жоғары.  

 

Қазгермұнай

2018 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ есептілігінде ҚГМ-ға өзінің қатысу үлесінен түскен кірісті 7,1 млрд. теңге (22 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде көрсетті, салыстыру үшін 2017 жылдың осындай кезеңінде кіріс 7,3 млрд теңге (23 млн АҚШ доллары) мөлшерінде болды. Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50%-дық үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация әсерін және 0,7 млрд. теңге (2 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі тиісті кейінге шегерілген салықты есептемегенде 7,8 млрд теңгені (24 млн АҚШ доллары) құрайды.

2018 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ долларындағы ҚГМ түсімі 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты, бұл негізінен Брент орташа бағасының 24%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының өсуі нәтижесінде болып, экспорттық жеткізілімдер үлесінің және өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан сату көлемдерінің азаюымен ішінара өтелді.  

 

ПетроҚазақстан Инк.

2018 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ есептілігінде ПҚИ-ға өзінің қатысу үлесінен түскен кірісті 2,7 млрд. теңге (8 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде көрсетті, салыстыру үшін 2017 жылдың осындай кезеңінде кіріс 1,5 млрд теңге (5 млн АҚШ доллары) мөлшерінде болды. Осы сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 33%-дық үлесін көрсетеді, бұл 1,7 млрд теңге (5 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі лицензиялардың әділ құнының амортизациясын шегергенде 4,4 млрд теңгені (14 млн АҚШ доллары) құрайды.

2018 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ долларындағы ПҚИ түсімі 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға ұлғайды, бұл негізінен Брент орташа бағасының 24%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының өсуі нәтижесінде болып, экспорттық жеткізілімдер үлесінің және өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан сату көлемдерінің азаюымен ішінара өтелді.

 

CCEL

Компания 2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша өзінің балансында 38,0 млрд теңге (119 млн. АҚШ долларын) сомасын CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2018 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ 1,6 млрд. теңге (5 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде қаржылық кірісті есептеді, бұл 26,9 млн АҚШ доллары мөлшерінде ССЕL-ден алынатын жылдық басым кірістің бір бөлігін білдіреді.

 

***

2018 жылдың 31 наурызында аяқталған алғашқы үш айдың қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық жағдайдың талдауы мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында жарияланады (www.kmgep.kz).

 


[1] Сомалар АҚШ долларына оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана жиынтық кіріс туралы есеп және ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп үшін кезең соңындағы бағам бойынша ауыстырылды (3А2018 және 3А2017 жж. орташа бағамдар, тиісінше 323,15 және 322,52  теңге/АҚШ долл. құрады, 2018 жылдың 31 наурызында және 2017 жылдың 31 желтоқсанында кезең соңындағы бағам, тиісінше, 318,31 және 332,33 теңге/АҚШ долл. құрады).

[2]  Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары мен өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[3] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнайды тасымалдау бойынша шығындар есепке алынбады.

[4] 2013 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдардан және материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[5] Сомалар оқымандарға ыңғайлы болуы үшін ғана 340 теңге/АҚШ доллары бюджет бағамы бойынша ауыстырылды.

[6] Төлем көзінен ұсталатын салық сомасы және кез келген басқа қолданылатын салықтар мен өзге үкіметтік алымдар ескерілген.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2017 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 11,9 млн. тоннаны (тәулігіне 240 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде, 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының (2P) көлемі 180 млн. тоннаны (1 321 млн. баррель) құрады. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор Биржасында және Қазақстан Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

 

2018 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелер (362 Кб) Көшіріп алу
Наверх