Баспасөз хабарламалары

10 мамыр, 2018

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасы мен Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен ЖДҚ-ны шығару және Лондон қор биржасының негізгі нарығында сауда-саттықтарды жою

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)  

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасы мен Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен ЖДҚ-ны шығару және Лондон қор биржасының негізгі нарығында сауда-саттықтарды жою

Компанияның Жай акциялары мен ЖДҚ-ны Қазақстан қор биржасының  биржалық тізімінен шығару

2-АКТЖЖ-да Биржалық тізімнен шығару туралы қарарларға дауыс беруге қатыспаған немесе қарсы дауыс бергендер үшін пут опционына қатысты Құқыққа сәйкес сатып алынған артықшылықты акциялар

Астана, 10 мамыр 2018 ж.

Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасына Ресми тізімнің стандарттық сегментінде ЖДҚ-ны биржалық тізімнен шығару үшін және Лондон қор биржасына («ЛҚБ») ЖДҚ-ның сауда-саттығын ЛҚБ негізгі нарығында жою («ЛҚБ биржалық тізімінен шығару») үшін жолданған өтінімдер туралы Компанияның 2018 жылғы 11 сәуірдегі хабарламасына толықтыру ретінде ҚМГ БӨ ЛҚБ-ның биржалық тізімнен шығарылуы бүгін, 2018 жылғы 10 мамырда, сағат 8:00-де (Лондон уақыты бойынша) болғанын хабарлайды.  

Қазақстан қор нарығының биржалық тізімінен Жай акциялар мен ЖДҚ-ның шығаруға («Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару») өтініші туралы Компанияның сол күнгі хабарламасына толықтыру ретінде ҚМГ БӨ Қазақстан қор биржасының Листинг комиссиясы бүгінгі күннен, 2018 жылғы 10 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығаруды да бекіткенін хабарлайды.

Жоғарыда мазмұндалғанның нәтижесінде, Өзара қарым-қатынастар туралы шарт өз әрекетін тоқтатты. Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, 2018 жылғы 12 наурызда 2-АКТЖЖ-да акционерлермен бекітілген Компания Жарғысының жаңа редакциясы ЛҚБ биржалық тізімінен ЖДҚ-ны шығару сәтінен бастап күшіне енді.

Сондай-ақ, ҚМГ БӨ 2018 жылғы 12 наурыздан 2018 жылғы 11 сәуірге дейінгі мерзімде опцион путына қатысты Құқығын іске асырған Артықшылықты акционерлерден тұтастай алғанда 61 990 Артықшылықты акцияларды жалпы сомасы 677 504 350 Теңгеге сатып алғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес пут опционына қатысты Құқық 2018 жылғы 12 наурызда туындады және 11 сәуірде аяқталды. Пут опционына қатысты барынша нақты ақпарат Тендерлік ұсыныс туралы құжатта берілген, оны төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://www.kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer/.

Нәтижесінде, қазіргі уақытта Компанияның иелігінде қазынашылықта тұтастай алғанда 2 230 898 Артықшылықты акциялары бар. 

Компанияның 2017 жылғы 8 желтоқсандағы Тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарламасында анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада дәл сондай мәндерге ие.

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша:

Толық ақпарат алу үшін бізге мына мекенжайлар бойынша хабарласыңыз:

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
e-mail: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Дойче Банк Траст Компани Америкас (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
Эл. почта: duewa.t.brooks@db.com   

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2017 жылы Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 11,9 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 240 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 180 млн. тоннаны 2017 жылдың соңында (1 321 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ-лары Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте Компания ІРО-дан 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасы мен Қазақстан қор биржасының Ресми тізімінен ЖДҚ-ны шығару және Лондон қор биржасының негізгі нарығында сауда-саттықтарды жою (167 Кб) Көшіріп алу
Наверх