Баспасөз хабарламалары

13 тамыз, 2018

ҚМГ БӨ өзінің артықшылықты акцияларын KASE-те сатып алу бағдарламасын жариялады

Астана, 2018 жылғы 13 тамыз. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің Компанияның артықшылықты акцияларын кері сатып алу бағдарламасын бекіткенін хабарлайды.

Компания «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-та («KASE») 1 905 209 акцияға дейінгі санда (яғни, еркін айналымдағы Компанияның артықшылықты акциялардың 100%-не дейін) артықшылықты акцияларды 2018 жылғы 10 тамыз жағдай бойынша 10 292 (он мың екі жүз тоқсан екі) теңгеге тең артықшылықты акциялардың бағасымен 30 күн бұрын мөлшері бойынша орташа өлшемді бағаға қатысты 24,4%-ті құрайтын 12 800 (он екі мың сегіз жүз) теңге бағасымен кері сатып алу бағдарламасын іске асыруға ниетті. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылғы 13 тамыздан бастап 16 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу туралы шешім миноритарлық акционерлердің мүдделерін қамтамасыз ету және Компанияның одан әрі көзделген жоспарларына байланысты, оларға өздеріне тиесілі акцияларды сату мүмкіндігін беру мақсатында қабылданды. Атап айтқанда, осы шешім «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚМГ ҰК») операциялық активтерді басқарудың екі деңгейлі жүйесіне көшу жоспарларына байланысты болып отыр, оған сәйкес ҚМГ ҰК өндіруші және мұнай-сервис компанияларын тікелей басқарады. Осындай бизнес тәсілді іске асыру болашақта, дербес шаруашылық жүргізетін субъект ретінде, Компанияның қызметін тоқтатуды қажет етеді. Бұған дейін Компанияның көптеген ауқымды депозитарийлік қолхаттары (бұдан әрі – «АДҚ») мен жай акцияларын ұстаушылар Компанияның жай акциялары мен АДҚ сатып алу туралы ұсынысты қабылдады, соның нәтижесінде ҚМГ ҰК айналымдағы Компанияның барлық акцияларының 95,4%-не ие болды.

Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасының талаптары мен егжей-тегжейі төменде көрсетілген:

  • акциялардың түрлері: Компанияның артықшылықты акциялары (KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3));
  • сатып алынатын акциялардың саны: артықшылықты акциялардың 1 905 209 данасына дейін (яғни, еркін айналымдағы ҚМГ БӨ артықшылықты акциялардың 100%-не дейін);
  • сатып алу бағасы: бір артықшылықты акция үшін 12 800 (он екі мың сегіз жүз) теңге, бұл 2018 жылғы 10 тамыз жағдай бойынша 10 292 (он мың екі жүз тоқсан екі) теңгеге тең  артықшылықты акциялардың бағасымен 30 күн бұрын  мөлшері бойынша орташа өлшемді бағаға қатысты 24,4%-ті құрайды;
  • сатып алу мерзімі: артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың 13 тамызынан бастап 16 қарашасына дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болады. Акцияларды сатуға арналған өтініштер (клиенттік өтінімдер) қабылдаудың түпкілікті күні – 2018 жылғы 15 қарашада сағат 17:00-ден (Алматы уақыты бойынша) кешіктірілмей берілуі тиіс;
  • сатып алу шарттары: артықшылықты акцияларды сатып алу, ашық сауда-саттық әдісі қолданылып, сатып алудың көрсетілген мерзімі ішінде айына екі рет «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-та жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, ҚМГ БӨ осымен, Директорлар кеңесі 2018 жылғы 10 тамызда қабылдаған Компанияның артықшылықты акцияларын бекітілген сатып алу бағдарламасына сәйкес сатып алу туралы шешімі Қоғамның орналастырылған артықшылықты акцияларын сатып алу жөніндегі өзара байланысты мәмілелер жиынтығы болып табылатын ірі мәміле жасасу туралы шешім болып табылатынын, оның нәтижесінде Қоғам орналастырылған бір түрдегі бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп пайызы мөлшеріндегі орналастырылған өз бағалы қағаздарын сатып ала алатыны туралы хабарлайды.

Осы хабарландыру «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңның 70-бабының 1-тармағы 26-бабының 4-тармағы мен 70-бабының 1-тармағына сәйкес дайындалды. Қоғамның артықшылықты акцияларды сатып алуы рәсімі туралы нақтырақ ақпарат алу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша Қоғамның артықшылықты акцияларын сатып алуы туралы ұсыныспен танысуға болады: www.kmgep.kz.

Бұдан басқа, Сатып алу шарттары немесе рәсімі туралы (оның ішінде сатып алу туралы ұсынысты қабылдау рәсімдері туралы және брокерлік шотты ашу жөнінде) ақпаратты «Қазпошта» АҚ-тың бірыңғай байланыс-орталығының тегін 1499 нөміріне қоңырау шалып, алуға болады.

 Байланыс ақпарат

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
e-mail: pr@kmgep.kz

 Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдемелер» болып табылатын немесе сондай болып есептелетін мәлімдемелер қамтылған. Болашақты сипаттауға арналған терминология, оның ішінде «есептейді», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіледі», «болжам бойынша», «ниетті», «жоспарлап отыр», «көздейді», «болады» немесе «тиіс» не болмаса, әрбір жағдайда, осы секілді немесе салыстырмалы терминология немесе талқылауларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақ оқиғаларға немесе ниеттерге жасалған сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Аталған болашаққа қатысты мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар, өзгелерден басқа, шектеусіз, Компанияның қызмет қорытындыларына, қаржы жағдайына, өтімділікке, перспективаларға, өсуге, әлеуметті сатып алуға, стратегияға және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты ниеттері, пікірлері және  үміттері туралы мәлімдемелерді қамтиды. Мәнісі бойынша, болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің келешектегі қорытындыларына кепілдік болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі қорытындылары, қаржы жағдайы мен өтімділігі және ел мен Компания жұмыс істейтін салалардың дамуы, осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес, осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін немесе болжануы мүмкін. Компания,жаңа ақпаратты алу, болашақ оқиғалар немесе қандай да бір болмасын өзге де мән-жайлардың нәтижесінде осы құжатта қамтылған, салаға қатысты қандай да бір болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да бір болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және өзіне жаңарту міндеттемесін алмайды. Компания ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және осындай болашаққа қатысты мәлімдемелерде жазылған қорытындыларға қол жеткізілетініне қатысты ешқандай болжам жасамайды.

 

ҚМГ БӨ өзінің артықшылықты акцияларын KASE-те сатып алу бағдарламасын жариялады (136 Кб) Көшіріп алу
Наверх