Баспасөз хабарламалары

05 қыркүйек, 2018

ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларды KASE-де сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттықтың қорытындысын жариялайды

Астана, 5 қыркүйек 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания») 2018 жылдың тамыздың 17-і мен 28-і күндері аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгенін хабарлайды.  

Мамандандырылған сауда-саттықты өткізудің қорытындысы бойынша Компания 294 702 артықшылықты акцияны данасына 12 800 теңгеден сатуға өтінімдерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтықты сомасы 3 772 185 600 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Компания 2018 жылы тамыздың 13-і күні еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акцияларын 1 905 209 акцияға дейінгі мөлшерде бір данасына 12 800 теңге бағасымен сатып алатындығы туралы жариялады. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады.  

 

Наверх