Баспасөз хабарламалары

02 қазан, 2018

ҚМГ БӨ KASE-те артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ»)  2018 жылдың 17 қыркүйегі мен 27 қырқүйегі  аралығында  KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда -саттық  жүргізілгенін хабарлайды.

Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 81 300 артықшылықты акцияны сатуға өтінішті қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 1 040 640 000 теңге құрады.

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымда жүрген өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. Дәл қазіргі сәтке дейін Компания 484 863 акцияны сатып алуды жүзеге асырды. Артықшылықты акцияларды сатып алу  2018 жылдың 16 қарашасына дейін жүргізіледі.

Наверх